Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХХVІІ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 309/27 шешімі негізінде және қала азаматтарының жекеленген санаттарына "Қала - саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тегін жүру құқына мына санаттағы азаматтар ие болатыны белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
2) 3-топтағы мүгедектер.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар тегін жол жүру құқығын растау үшін кондукторға (бақылаушыға) міндетті түрде зейнеткерлік куәлігін ұсынуы қажет.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі", "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері қоғамдық жолаушылар көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды жүзеге асыру конкурсында жеңіп шыққан кәсіпорынмен бірлесіп (бұдан әрі- Кәсіпорын) (келісім бойынша) жолаушылар бағытындағы жекеленген санаттағы азаматтардың жолаушылар ағынына айына бір рет мониторинг жүргізсін.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) жекеленген санаттағы азаматтарды "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы Кәсіпорынмен келісімшарт жасасын;
2) Кәсіпорынға тегін жол жүру шығынын өтеуді осы мониторинг негізінде Кәсіпорынның есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүргізсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарлары Н.В. Дычкоға, Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
Екiбастұз қаласының әкiмi А. Вербняк