Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 06.03.2014 N 90/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына және мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау туралы Ережесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуі салынсын.
2. Қызыләскер ауылдық округінің әкіміне шектеу шарттары бойынша рұқсат етілмейді:
1) ауылшаруашылығы малдарының барлық түрлерін Қызыләскер ауылдық округінің аумағынан басқа аумаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкету;
2) ет, сүт және сүт өнімдерін шығару, әзірлеу;
3) шөпті дайындау және сату;
4) ауылшаруашылық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу және оларға қатысу.
3. Лебяжі ауданының ветеринария бөлімінің бастығы ауру малды алуды және олардың жойылуын қамтамасыз етсін.
4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі (келісім бойынша) аудандық орталық ауруханасымен (келісім бойынша) бірлесе ауылдық округ тұрғындары арасында алдын алу түсіндіру шараларын өткізсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Байжановқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов
Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы А. Жалелов
15 ақпан 2011 жыл
Ауданық орталық аурухананыың
бас дәрігері А. Сыздықов
15 ақпан 2011 жыл