"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы N 320/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 12-11-147 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 шілдедегі N 236/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 25.07.2013 N 236/7 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 25.01.2013 N 19/1 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 25.01.2013 N 19/1 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әбиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Павлодар ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 320/2 қаулысымен   
бекітілген       

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі"
мемлекеттік қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 25.01.2013 N 19/1 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет атауы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі".
      2. Мемлекеттік қызмет нысаны – ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы N 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 1131 қаулысы (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан, телефоны 8 (7182) 32-83-53, жұмыс кестесі демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден сағат 18.30-ға дейін "Павлодар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім), сондай-ақ баламалы негізде Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден сағат 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз "Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар ауданы филиалының бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі нысаны, кезегінің реттік нөмірін көрсетіп, есепке қою туралы хабарлама немесе негізді себептерді көрсетіп, есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап беру (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде) болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      1) бөлімде – күнтізбелік отыз күн ішінде;
      орталықта – күнтізбелік отыз күн ішінде (мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл орайда бөлім мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталуға бір күн қалғанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсынады);
      2) орталықта құжаттарды тапсырған немесе алған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан, бөлімде 15 минуттан аспауы тиіс.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не оның сенімхат бойынша өкілі Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
      бөлімде немесе орталықта мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау туралы Стандарттың 14 тармағының 1 тармақшасында көрсетілген реквизиттерді көрсетумен қолхат беріледі.
      8. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартыла алады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмыс істейді:
      орталық инспекторы;
      орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
      бөлім маманы;
      бөлімнің лауазымды тұлғасы.
      Құрылымдық-функционалдық бірліктердің әрекеттерінің кезектілігі осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      10. Әрбір әкімшілік әрекетті (ресімді) орындау мерзімі көрсетілген әр ҚФБ-тің әкімшілік әрекеттерінің (ресімдерінің) кезектілігі мен өзара әрекеттестігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында (1 кестесінде) келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік әрекеттердің логикалық кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін кесте осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызмет қөрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      12. Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет қөрсету тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапты болады.

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды  
есепке қою және олардың кезегі"  
мемлекеттік қызмет регламентіне  
1-қосымша          

Әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) өзара
қатынастары мен жүйелілігінің сипаттамасы 1 кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
(бұдан әрі – ҚФБ) әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жүрістің, жұмыс легінің) әрекеті

1

Әрекет (жүріс, жұмыс легінің) N

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

3

Әрекеттің (үдерістің, ресімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және тексереді

Жинақтайды және тізілім құрастырады

Түскен құжаттарды қабылдайды және тексереді, журналда тіркейді

Ұсынылған құжаттарды қарастырады

4

Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастырушылық-өкімші шешім)

Қолхат беру

Құжаттарды курьерлік байланыс арқылы уәкілетті органға жіберу

Құжаттарды уәкілетті органның лауазымды тұлғасына қарауға жолдау

Бұрыштама қояды

5

Орындау мерзімдері

20 минут

1 күнтізбелік күн

5 күнтізбелік күн

2 күнтізбелік күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

Негізгі үдерістің (жүрістің, жұмыс легінің) әрекеті

1

Әрекет (жүріс, жұмыс легінің) N

5

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Лауазымды тұлға

Уәкілетті органның маманы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Орталық инспекторы

3

Әрекеттің (үдерістің, ресімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Есепке қою немесе бас тарту туралы жазбаша жауап жобасын дайындайды

Есепке қою немесе бас тарту туралы жазбаша жауап жобасын қарастырады

Дайын құжаттарды журналда тіркейді

АЖ арқылы өндеу

Дайын құжаттарды тіркейді

4

Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастырушылық-өкімші шешім)

Құжатты қол қоюға лауазымды тұлғаға жіберу

Құжатқа қол қою

Арнайы байланыс арқылы ХҚКО жібереді

Орталық инспекторына жібереді

Тұтынушыға береді

5

Орындау мерзімі

6 күнтізбелік күн

5 күнтізбелік күн

3 күнтізбелік күн

2 күнтізбелік күн

15 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

6





"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды  
есепке қою және олардың кезегі"  
мемлекеттік қызмет регламентіне  
2-қосымша          

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі"
мемлекеттік қызметін ұсыну үдерісінің кестесі

Об утверждении регламента государственной услуги "Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"

Постановление акимата Павлодарского района Павлодарской области от 01 декабря 2011 года N 320/12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 30 декабря 2011 года N 12-11-147. Утратило силу постановлением акимата Павлодарского района Павлодарской области от 25 июля 2013 года N 236/7

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарского района Павлодарской области от 25.07.2013 N 236/7.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата Павлодарского района Павлодарской области от 25.01.2013 N 19/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

       В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года N 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам", в целях качественного оказания государственных услуг акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Павлодарского района Павлодарской области от 25.01.2013 N 19/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Абиева Б.А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Т. Бастенов

Утвержден      
постановлением акимата   
Павлодарского района    
от 1 декабря 2011 года N 320/12

Регламент государственной услуги "Постановка на учет и
очередность граждан, нуждающихся в жилище из государственного
жилищного фонда или жилище, арендованном местным
исполнительным органом в частном жилищном фонде"

      Сноска. Регламент в редакции постановления акимата Павлодарского района Павлодарской области от 25.01.2013 N 19/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Наименование государственной услуги: "Постановка на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".
      2. Форма государственной услуги частично автоматизирована.
      3. Государственная услуга оказывается на основании постановления Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года N 1131 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года N 76 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде в местном исполнительном органе района (города областного значения), города республиканского значения, столицы" (далее - Стандарт).
      4. Государственную услугу предоставляет Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарского района" (далее - отдел) расположенный по адресу: г. Павлодар, ул. Каирбаева, 32, 8 (7182) 32-83-53, график работы ежедневно с 9.00 часов до 18.30 часов, с обеденным перерывом с 13.00 часов до 14.30 часов, кроме выходных (суббота, воскресенье) и праздничных дней, а также на альтернативной основе через Отдел Павлодарского района филиала Республиканского государственного предприятия "Центр обслуживания населения" по Павлодарской области (далее – центр) расположенный по адресу г. Павлодар, ул. Толстого, 10, с понедельника по субботу включительно в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 часов до 20.00 часов без перерыва на обед, кроме выходных, а также праздничных дней.
      5. Результатом оказываемой государственной услуги является выдача уведомления о постановке на учет с указанием порядкового номера очереди либо мотивированный ответ об отказе в постановке на учет с указанием обоснованных причин (на бумажном носителе или в электронной форме).
      6. Сроки оказания государственной услуги с момента сдачи получателем государственной услуги необходимых документов:
      1) в отдел – в течение тридцати календарных дней;
      в центр - в течение тридцати календарных дней (день приема документов для получения государственной услуги не входит в срок оказания государственной услуги, при этом, отдел предоставляет результат оказания государственной услуги за день до окончания срока оказания государственной услуги);
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче или получении документов в центре составляет не более 20 минут, в отделе – не более 15 минут.

2. Порядок оказания государственной услуги

      7. Для получения государственной услуги получатель государственной услуги либо его представитель по доверенности представляет необходимые документы, определенные в пункте 11 Стандарта.
      При сдаче всех необходимых документов для получения государственной услуги получателю государственной услуги выдается:
      в отделе или в центре - расписка о приеме документов на оказание государственной услуги с указанием реквизитов, указанных в подпункте 1 пункта 14 Стандарта.
      8. В предоставлении государственной услуги может быть отказано в случае, предусмотренном пунктом 16 Стандарта.
      9. В процессе оказания государственной услуги задействованы следующие структурно-функциональные единицы (далее СФЕ):
      инспектор центра;
      инспектор накопительного отдела центра;
      специалист отдела;
      должностное лицо отдела.
      Последовательность действий структурно-функциональных единиц приведена в приложении 1 к настоящему регламенту.
      10. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием сроков выполнения каждого административного действия (процедуры), приведено в приложении 1 к настоящему регламенту (таблица 1).
      11. Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ, приведена в приложении 2 к настоящему регламенту.

3. Ответственность должностных лиц,
оказывающих государственную услугу

      12. За нарушение порядка оказания государственной услуги должностные лица несут ответственность, предусмотренную законами Республики Казахстан.

Приложение 1          
к регламенту государственной услуги 
"Постановка на учет граждан,     
нуждающихся в жилище из государственного
жилищного фонда или жилище, арендованном
местным исполнительным органом    
в частном жилищном фонде"      

Описание взаимоотношений и систематизированности
административных действий (процессов) Таблица 1. Описание действий структурно-функциональных
единиц (далее – СФЕ)

Действие основного процесса (хода, потока работы)

1

N действия (хода, потока работ)

1

2

3

4

2

Наименование СФЕ

Инспектор центра

Инспектор накопительного отдела центра

Специалист уполномоченного органа

Должностное лицо уполномоченного органа

3

Наименование действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

Принимает и проверяет представленные потребителем документы

Осуществляет сбор и составляет реестр

Принимает и проверяет поступившие документы, регистрирует в журнале

Рассматривает представленные документы

4

Форма завершения (данные, документ, организационно-распорядительское решение)

Выдача расписки

Отправка документов в уполномоченный орган  посредством курьерской связи

Направление документов на рассмотрение должностному лицу уполномоченного органа

Ставит резолюцию

5

Сроки исполнения

20 минут

1 календарный день

5 календарных дней

2 календарных дня

6

Номер следующего действия

2

3

4

5


Действие основного процесса (хода, потока работ)

1

N действия (хода, потока работ)

5

6

7

8

9

2

Наименование СФЕ

Специалист уполномоченного органа

Должностное лицо

Специалист уполномоченного

органа

Инспектор накопительного отдела центра

Инспектор центра

3

Наименование действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

Подготавливает проект письменного ответа о постановке на учет либо об отказе

Рассматривает проект письменного ответа по постановке на учет либо об отказе

Регистрирует готовые документы в журнале

Обработка через ИС

Регистрирует готовые документы

4

Форма завершения (данные, документ, организационно-распорядительское решение)

Направление документов на подпись должностному лицу

Подписание документа

Направляет специальной связью в ЦОН

Направляет инспектору центра

Выдает потребителю

5

Сроки исполнения

6 календарных дней

5 календарных дней

3 календарных дня

2 календарных дня

15 минут

6

Номер следующего действия

6





Приложение 2          
к регламенту государственной услуги 
"Постановка на учет граждан,     
нуждающихся в жилище из государственного
жилищного фонда или жилище, арендованном
местным исполнительным органом    
в частном жилищном фонде"      

Схема процесса предоставления государственной услуги
"Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из
государственного жилищного фонда или жилище, арендованном
местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"