Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 1 бабының, 1 тармағының, 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы бойынша халықтың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі бекітілсін.
2. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) жұмыс берушілермен (келісім бойынша) халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін шарт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырылсын;
2) жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде және келісім бойынша мақсатты топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін шарттар жасалсын.
3. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырылумен қамтамасыз етілсін.
4. Успен ауданының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына А.А.Дисюповаға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов
Успен ауданы әкімдігінің 2011 жылғы
14 ақпандағы N 58/2 қаулысына
қосымша
Успен ауданы бойынша халықтың мақсатты тобына
жататындардың қосымша тізбесі
1. Дәрігерлік-ұжымдық комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар адамдар.
2. Орта жастан жоғары адамдар (50 жастағы және одан жоғары).
3. Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ адамдар.
4. Жұмыс істемеген адамдар (үш ай және одан аса).
5. 29 жасқа дейінгі жастар.