2011 жылы халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 109/2 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 сәуірде N 12-13-125 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы және 7 бабының  5-4) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғындардың мақсатты топтың арасынан жұмыссыздарды алты ай мерзіміне жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Тұрғындардың мақсатты топтың арасынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің тәртібі бекітілсін.
      3. Шарбақты ауданы бойынша мақсатты санаттағы тұрғындардың қосымша тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеу үшін жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен бөлшектеп өтеледі.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы 
N 109/2 қаулысымен    
бекітілді        

Тұрғындардың мақсатты топтың арасынан жұмыссыздарды жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің тәртібі

      1. Барлық меншік құрылымындағы жұмыс берушілер "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілетті органына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтініш береді (одан әрі - Өкілетті орган).
      Өкілетті орган жұмыс берушілердің барлық нысандағы өтініштерін қарайды және оларға шешім қабылдайды.
      2. Жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия келесі шартпен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілердің тізімін бекітеді:
      кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа міндетті төлемдер бойынша борышының болмауы (банктен анықтама);
      кәсіпорынның зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударым жасауды жүзеге асыруы (салық комитетінен декларация);
      жұмысшыларға дер кезінде еңбекақы төлеуі;
      жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес болуы;
      кәсіпорында жұмыс күні ұзақтығын белгілеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі нормаларын сақтау.
      3. Өкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жұмыс берушілерді іріктеу бойынша Комиссия шешім қабылдағанннан кейін, жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін шарт бекітеді.
      Келісімшартта тараптардың міндеті, жұмыс түрі, көлемі, еңбекақы мөлшері және төлеу шарты, мерзімі және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері, жіберілген жұмыссыздар саны көрсетіледі. Шарт 6 ай мерзіміне дейін жарамды. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары және бос жұмыс орындары қолданылмайды.
      4. Өкілетті орган жұмыс берушілермен шарт бекіткеннен кейін, мақсатты санаттағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жібереді.
      5. Жұмыс беруші жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдайды, онымен еңбек шартын бекітеді, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
      Жұмыс беруші өкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде (өкілетті орган оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде) хабарлауға міндетті.
      6. Жұмыс беруші еңбекақы төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сонымен қатар әр айдың 25 күні өкілетті органына жұмыс күні кестесін және орындалған жұмыс актісін ұсынады.
      7. Мақсатты топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу туралы осы тәртібінің орындалуын бақылау өкілетті органына жүктеледі.

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
N 109/2 қаулысына    
1 қосымша       

Шарбақты ауданы бойынша тұрғындардың
мақсатты топтың қосымша тізбесі

      1. Отбасында бір де біреуі жұмыс істемейтін жұмыссыздар.
      2. 21-ден 24 жасқа дейінгі жастар.
      3. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар (тоғыз айдан артық).

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы 
N 109/2 қаулысына     
2 қосымша      

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жұмыс
берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия құрамы

Қалыбаева Бақтылы Қайырбекқызы

- Шарбақты аудан әкімінің орынбасары, төраға;

Гейнц Нина Михайловна

- "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Смаилханова Гүлмира Қаратайқызы

- "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Буркацкий Николай Ильич

- "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Сероокая Людмила Григорьевна

- Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы;

Құсаинов Санат Жұмашұлы

- аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

Об организации социальных рабочих мест на дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения на 2011 год

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 16 марта 2011 года N 109/2. Зарегистрировано Управлением юстиции Щербактинского района Павлодарской области 14 апреля 2011 года N 12-13-125. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима Щербактинского района Павлодарской области от 27 сентября 2013 года N 35/01-17/820)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима Щербактинского района Павлодарской области от 27.09.2013 N 35/01-17/820).

      В соответствии с подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-4) статьи 7 и статьи 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать социальные рабочие места для трудоустройства безработных из целевых групп населения сроком до шести месяцев.
      2. Утвердить порядок отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения.
      3. Утвердить дополнительный перечень целевых групп населения по Щербактинскому району, согласно приложению 1.
      4. Утвердить состав комиссий по подбору работодателей для создания социальных рабочих мест, согласно приложению 2.
      5. Расходы работодателя на оплату труда безработного, трудоустроенного на социальные рабочие места, частично возмещаются из средств местного бюджета в размере пятидесяти процентов от минимальной заработной платы, установленной законодательством Республики Казахстан.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 января 2011 года.
      7. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Калыбаеву Бахтылы Каирбековну.

      Аким района                                С. Смагулов

Утверждено       
постановлением акимата   
Щербактинского района    
от 16 марта 2011 года N 109/2

Порядок отбора работодателей предлагающих организацию
социальных рабочих мест для трудоустройства
безработных из целевых групп населения

      1. Работодатели всех форм собственности подают заявку на организацию социальных рабочих мест в уполномоченный орган государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района" (далее Уполномоченный орган).
      Уполномоченный орган рассматривает, поданные работодателями всех форм заявки и принимает по ним решения.
      2. Комиссия по подбору работодателей утверждает список работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест на следующих условиях:
      платежеспособность предприятия, отсутствие долгов перед  государством по налогам и другим обязательным платежам (справка с Банка);
      осуществление предприятием отчислений в пенсионный фонд и в Фонд социального страхования (декларация с налогового комитета);
      своевременность выплаты заработной платы работникам;
      соответствие рабочего места нормам техники безопасности;
      соблюдение на предприятии норм Трудового Кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, в вопросах установления продолжительности рабочего дня.
      3. Уполномоченный орган после принятия решения Комиссией по подбору работодателей для создания социальных рабочих мест заключает договор на организацию социальных рабочих мест с работодателями.
      В договоре отражаются обязанности сторон, виды, объемы, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест, количество направляемых безработных. Договор действует не более 6 месяцев. Работа носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      4. Уполномоченный орган после подписания договора с работодателем направляет безработных из целевых групп населения для трудоустройства на социальные рабочие места.
      5. Работодатель принимает на социальное рабочее место направляемого безработного, заключает с ним трудовой договор, предоставляет рабочее место, соответствующее нормам техники безопасности.
      Работодатель обязан (в течение пяти рабочих дней со дня направления к нему уполномоченным органом граждан) извещать Уполномоченный орган о приеме на работу или отказе в приеме на работу с указанием причины путем соответствующей отметки в направлении, выданном уполномоченным органом.
      6. Работодатель для возмещения расходов по оплате труда предоставляет выписку из приказа о приеме на работу, а также ежемесячно до 25 числа предоставляет в Уполномоченный орган табель учета рабочего времени и акт выполненных работ.
      7. Контроль за исполнением настоящего порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, возлагается на Уполномоченный орган.

Приложение 1     
к постановлению акимата  
Щербактинского района   
от 16 марта 2011 год N 109/2

Дополнительный перечень целевых групп
населения по Щербактинскому району

      1. Безработные из семей, где нет ни одного работающего.
      2. Молодежь в возрасте от 21 года до 24 лет.
      3. Безработные граждане в возрасте старше 50 лет.
      4. Безработные длительное время не работающие (более 9 месяцев).

Приложение 2    
к постановлению акимата  
Щербактинского района   
от 16 марта 2011 года N 109/2

Состав комиссии по подбору работодателей
для создания социальных рабочих мест

Калыбаева Бахтылы Каирбековна

- заместитель акима Щербактинского района, председатель;

Гейнц Нина Михайловна

- заведующая сектором Государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района", секретарь комиссии;

Члены комиссии:

Смаилханова Гульмира Каратаевна

- начальник Государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района";

Буркацкий Николай Ильич

- начальник Государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Щербактинского района";

Сероокая Людмила Григорьевна

- начальник Государственного учреждения "Отдел экономики и бюджетного планирования Щербактинского района";

Кусаинов Санат Жумашович

- советник акима района по правовым вопросам.