"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 15-бабы 3) және 11) тармақшаларына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар қоса берілген Жоспарға сәйкес іске асырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сапаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Біләлов |
КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. |
А. Швецов |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің директоры |
А. Жанкин |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы |
Ж. Бәшіров |
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 67 қаулысына қосымша |
2011 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с № | Іс-шаралар | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі |
1 | Өрт–химиялық стансаларды, өртке қарсы жасақтарды, тірек пункттерін қажетті персоналмен, өртке қарсы керек-жарақтармен, техникамен, жанар-жағармай материалдарымен толықтырылуын қамтамасыз ету. | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Тұрақты |
2 | Орман өрттерін байқау және сөндіру құралдарының толық дайындығын қамтамасыз ету. | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Тұрақты |
3 | Өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман мекемелері мен "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы өңірлік бөлімшелерінің дайындықтарына ұдайы тексеріс жүргізу. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Тұрақты |
4 | Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауіпсіздігі тәртібін бұзуға кінәлі тұлғаларға жауапкершілік шараларын түсіндіре отыра, орман өртінің алдын алу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Тұрақты |
5 | Барлық өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман мекемелерінің техникалық құралдарды ормандарды өртке қарсы қорғауға байланысты жұмыстарға пайдалануын қамтамасыз ету. | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі. | Өрт қаупі маусымы ның аяқ талуына дейін |
6 | Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңінде көлік құралдарының кіруін, табиғат ескерткіштері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қылқанды екпелерге жеке тұлғалардың баруын шектеу, кіретін жерлерге уақытша біріккен жол полициясы мен мемлекеттік орман күзетінің бекеттерін қою. | Солтүстік Қазақстан облысының аудан және Петропавл қаласының әкімдері, "Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Жоғарғы өрт қауіп тілігі кезеңі |
7 | Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Жоғарғы өрт қауіп тілігі кезеңі |
8 | Шаруа қожалықтарымен және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарымен ауыл шаруашылық алқаптарында, жайылымдарда және пішендерде, орман қорына жақын орналасқан аумақтарда сабандарды, қалдықтарды және өзге де өсімдік қалдықтарын күйдіруге бақылауды қамтамасыз ету. | Солтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдері, "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Тұрақты |
9 | "Қоршаған ортаға орман өртінің әсер етуі" тақырыбына жалпы мектеп жиналысын және сынып сағаттарын өткізу. | Солтүстік Қазақстан облысының аудан және Петропавл қаласының әкімдері, "Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі. | Кесте бойынша |
10 | Орман және дала өртімен қамтылған аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау мәселелерін пысықтау. | Солтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдері, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Кесте бойынша |
11 | Аудандық кеңестерде мүмкіндігіне қарай облыс ормандарын өрттен сақтау мәселелерін қарастыру. | Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы және аудан әкімдері, "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Қажетті лігіне қарай |
12 | Орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді, өрт қауіптілігі кезеңінде өртке қарсы іс-шаралардың жедел жоспарын орындаулары бойынша және өрт сөндіргіш құралдарының бар-жоғына бақылауды қамтамасыз ету. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Тұрақты |
13 | Масақтылардың пісуіне дейін ауыл шаруашылық өндірушілері орман және тезекті массивтерге, дала жолақтарына, автокөлік және темір жолдарға жататын қажетті енімен алқаптарды жыртуды және шабуды қамтамасыз ету. | Солтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдері, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Ағымдағы жылдың тамыз– қазан айлары |
14 | Автомобиль жолдары жиегіндегі өртке қарсы минералдандырылған алқаптар мен жел қорғаушы орман алқаптарын тиісті өртке қарсы жағдайда ұстау. | "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі. | Тұрақты |
15 | Орман қорына жақын және мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан объектілерге өрт-техникалық тексеріс жүргізу. | "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). | Ағымдағы жылдың мамыр айы |