Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2012.11.30 N 479 Қаулысымен
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданының жұмыс берушілері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі А. Бегманов