Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 N 02.07-05-03/127 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағына 5) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасының 10-тармағымен сәйкес, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 77 ұсынысының есепке алынуымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылы Қызылжар ауданы бойынша ауыл шаруашылығының басым дақылдарын себудің оңтайлы мерзімін жүргізу және субсидия алушылардың тізіміне енгізуге өтініш беру мерзімін анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 214 қаулысына (2011 жылғы 3 мамырдағы № 13-8-146 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы № 20 «Қызылжар», 2011 жылғы 6 мамырдағы № 19 «Маяк» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
«Орта ерте піскен жаздық бидай» жолында «Егістік жолдарының оңтайлы мерзімдері» бағанында «01.06» санын «06.06» және «03.06» сандары «08.06» санымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауданын әкімі В. Редин