Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012.01.27 N 18 Қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабы 5-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тимирязев ауданының ұйымдарындағы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 13-12-118 тіркелген, 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 53 «Көтерілген тың», 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 53 «Нива» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін.
Қаулымен бекітілген, Тимирязев ауданының ұйымдарындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі (әрі қарай – Тізім) қосымшаға сәйкес 20-1 реттік нөмірі жолымен толықтырылсын;
Тізімнің 24 жолында «Жұмыс орындары» бағанда «6» санын «4» санымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Е. Макеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қасенов
«КЕЛІСІЛДІ»:
Солтүстік Қазақстан облысы
сот актілерін орындау жөніндегі
Департамент бастығы С.С. Сағдат
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 30 мамырдағы № 144
қаулысына қосымша
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 29 қарашадағы № 213
қаулысымен бекітілген
Тимирязев ауданының ұйымдарындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің Тізімі
р/с |
Ұйымның атауы |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Жұмыстар |
Жұмыс орындары |
20-1 |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі Департаментінің Тимирязев аумақтық бөлімі |
Ағымдағы және мұрағаттық құжаттар жұмыстарда, өндірістерді тіркеуге хат- |
500 бірлік хат- |
2 |