Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 21/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" № 99-IV Кодексінің 422-бабына (Салық кодексі) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Тимирязев ауданының аумағында қызмет ететін барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
XXXIX сессия төрағасы | хатшысы |
Е. Коканов | Ғ. Шаяхметов |
КЕЛІСІЛДІ
2011 жылғы 2 желтоқсан
"Тимирязев ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Сүтемгенов
Аудандық мәслихаттың | |
2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 39/2 шешiмiне қосымша |
Тіркелген салықтық бірыңғай ставкалары
№ | Кәсіпкерлік қызметтің түрі | Салық салу объектісінің бірлігіне мөлшерлемелердің 1 айлық мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |