Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 21.12.2012 № Х-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көрсетілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы"қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) және белгіленген мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХІХ
сессиясының төрағасы: С. Сарсенгалиева
Аудандық мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали