Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 22.04.2011 № 151 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағын 18 тармақшасын, 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринария-санитариялық инспекторының № 1 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 111 сараптамасы бойынша Шортанбай селолық округі, Шортанбай селосының тұрғыны Аққалиев Сырымның иті құтыру ауруына оң нәтиже беруіне байланысты, Шортанбай селолық округіндегі Шортанбай селосының "Жеңістің 40 жылдығы атындағы" көшесіне шектеу іс-шаралары жариялансын.
2. Шортанбай селолық округі Шортанбай селосының "Жеңістің 40 жылдығы атындағы" көшесіне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Шортанбай селолық округ әкімі С.Набидуллаевқа, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б. Ғазизовқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Ж. Қаспановқа (келісім бойынша), Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құқықтары мен міндеттері шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
Шарада көрсетілген тапсырмаларды тиісінше орындамау немесе орындамаған жағдайда лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары, әкімдік мүшесі А. Мұфтахқа жүктелсін.
6. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 13 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: А. Такешев
Келісілді:
С. Сәлімғалиев - Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция
комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
К. Утаров - Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық
- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы
Ж. Қаспанов - Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының
міндетін атқарушы
Б. Ғазизов - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" комуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорының бас дәрігері
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 102 қаулысымен
бекітілген қосымша
Шортанбай селолық округі Шортанбай селосының "Жеңістің 40 жылдығы атындағы" көшесіне жарияланған шектеу іс-шаралары
р/с |
Атқарылатын шаралардың мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Орындалуына жауаптылар |
1 |
Құтыру ауруының белгісі бар ауру жануарларды анықтап жою және ветеринарлық талаптарға сәйкес залалсыздандыру шараларын алу, құтыру ауруы белгісі бар өлекселерді өртеу арқылы жоюды ұйымдастыру |
тұрақты |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі |
2 |
Ауырған итпен қарым-қатынастары болған адамдарды шұғыл ауруханаға жеткізіп және құтыру ауруына қарсы вакциналық егісті ұйымдастыру, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылсын. |
тұрақты |
"Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша), Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша) |
3 |
Шортанбай селолық округіндегі мал мен иттерді, мысықтарды егу, сол сияқты ауру ошақтарын залалсыздандыру. |
тұрақты |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі |
4 |
"Жеңістің 40 жылдығы" көшесіне ветеринариялық пост құрып, тәулік бойы уәкілетті органдардын кезекшілігін ұйымдастыру |
тұрақты |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі |
5 |
Ауру ошағынан ("Жеңістің 40 жылдығы" көшесі) мал өнімдерін шығармауға. |
тұрақты |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Шортанбай селолық округ әкімі |