Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2012.05.10 N 688 хатымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. Ауылдық округтердің әкiмдерi тiркеудi өткiзу кезеңiнде шақыру учаскесiне шақырылушыларды хабардар етудi және олардың дер кезiнде келуiн ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн.
3. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
1) тiркелуге жататын азаматтарды ауданның шақыру учаскесiне шақыру жөнiнде хабарлау және шақыру бойынша уақытында келуiн қамтамасыз ету;
2) әскерге шақыру жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
4. «Қазығұрт аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) «Қазығұрт аудандық орталық емхана» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерiмен бірлесіп (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережелерiнде айқындалған тәртiппен медициналық комиссиядан өткiзу ұсынылсын.
5. «Қазығұрт ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығына (келiсiм бойынша) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін әскери есепке тұрудан жалтарған әскерге шақыру жасына дейінгілерді iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсiн.
7. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Д.Қыстауов
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазығұрт аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________Мендикулов Альберт Ақылбекұлы
«____»________2011 жыл
«Қазығұрт ауданының ішкі істер
бөлімі» мемлекетік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
___________________Сахов Құрманбек Сатымбекұлы
«____»________2011 жыл
«Қазығұрт аудандық орталық емхана»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
___________________Алтенов Данияр Сабырұлы
«____»________2011 жыл