Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2012.05.04 N 1694/02-31 хатымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағы негізінде, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты, Курчатов қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
КЕЛІСІЛДІ:
Курчатов қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасының орынбасары Ғ. ХҰСАЙЫНОВА
Курчатов қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 897 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты, Курчатов қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу
№ |
Орналасқан орны |
Мекен-жайы |
1. |
«Қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратындағы алаңша |
Тәуелсіздік көшесі, 2 |
2. |
Казахтелеком ғимаратындағы алаңша |
Абай көшесі, 13 |
3. |
Жиһаз дүкені ғимаратындағы алаңша |
Олимпийская көшесі, 20а |
4. |
Қалалық автовокзал аумағындағы алаңша |
Абай көшесі, 40 |