Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.05.11 N 220 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, ауылдық округ әкімдерінің және тиісті сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарап, Абай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына үміткерлерге үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі мекен-жайлар белгіленсін:
Қарауыл ауылы – «Аға сұлтан» алаңындағы тақта;
Кеңгірбай би ауылы - «Әсем» тойханасы ғимаратының алды;
Көкбай ауылы - байланыс бөлімшесі ғимаратының алды;
Құндызды ауылы – Әлеуметтік дүкен ғимаратының алды;
Архат ауылы - «Жайтәй» тойханасы ғимаратының алды;
Орда ауылы - дәрігерлік амбулатория ғимаратының алды;
Қасқабұлақ ауылы - «Мерей» тойханасы ғимаратының алды;
Саржал ауылы - «Парасат» тойханасы ғимаратының алды;
Тоқтамыс ауылы - «Берік» тойханасы ғимаратының алды;
Медеу ауылы – «Жастар» саябағының алды;
2. Ауылдық округтердің әкімдері тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп, үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбеков
Келісілген:
Абай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Т. Ерденбеков
20 желтоқсан 2011 жыл