Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 2012.04.23 N 25 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 2012 жылғы қаңтар–наурызда 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2. «Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есепке тіркеуді уақтылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. «Абай ауданының медициналық бірлестігі» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына жасөспірімдерді медициналық куәландырудан өткізу үшін дәрігер–мамандар мен орта буын медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Абай ауданының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген
бөлімінің бастығы: Б. Нұржауов
30 желтоқсан 2011 жыл
Абай ауданының медицина
бірлестігінің директоры
міндетін уақытша атқарушы: А. Балтақаева
(келісімі бойынша) 30 желтоқсан 2011 жыл