Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012.02.28 N 84 қаулысымен.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 23-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру мақсатында, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурызындағы № 250 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Ауылдық округтердің әкімдері шақыру учаскесіне азаматтардың Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының бұйрығында көрсетілген мерзімде немесе дербес шақыру қағазында көрсетілген учаскелік инспектордың жетекшілік етуімен ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Бесқарағай аудандық «Медициналық бірлестігі» КМҚК директорына (Б.Г. Сон келісім бойынша):
1) медициналық әскерге шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жасақтау;
2) медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың сапалы тексерілуін, әскерге шақырылушылардың кезектен тыс өтуін, емделуін, тексерілуін бақылауға алу;
3) әскерге шақырылушыларды аттандыру күні оларды бақылау тексеруінен өткізу үшін кезекші дәрігер тағайындау ұсынылсын.
4. Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығына (Р.С. Ахметов келісім бойынша):
1) әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізілуі;
2) азаматтарды әскерге шақыру мен әскерге аттандыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіп сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы (К.Б.Нургазин) әскерге шақырылатын жастарды әскерге шақырту барысында тәрбиелік іс-шаралардың өткізілуін, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастырсын.
6. Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы (Б.Ж. Баталов) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жіберілетін әскерге шақырылушылардың дене жаттығуы дайындықтарын тексеру ұйымдастырсын.
7. Бесқарағай ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімінің бастығы (М.Ж. Скакова) 2011 жылдың аудандық бюджетінде белгіленген мөлшерде қаржыландыруды уақытында өткізсін.
8. «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 95 қаулысының күші жойылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.К. Мирашевқа жүктелсін.
10. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. ЖЕКСЕМБАЕВ
Келісілген:
Бесқарағай аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы С. Айтказин
Бесқарағай аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Р. Ахметов
Бесқарағай аудандық «Медициналық
бірлестігі» КМҚК директорының м.а. А. Шортамбаев