Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2011.08.18 N 255 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Жарық ауылдық округі Жарық ауылында бір бас мысық құтыру ауруына шығуына байланысты Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарма ауданының Жарық ауылдық округiнiң Жарық ауылында ет қоректілер арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н. Қасқырбаев), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жарма ауданы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Г. Құлжанбекова) жеке және заңды тұлғалармен орындауға мiндеттi ветеринарлық iс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жарма ауданы әкiмiнiң орынбасары Н.Ә. Шалтабановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Т. Қасымжанов
Келісілді:
"Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Қасқырбаев
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің Жарма ауданы бойынша
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Г. Құлжанбекова