Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Бақты ауылдық округі әкімінің 2011.11.08 N 10 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1042 ұсынысы негізінде Бақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бақты ауылдық округінің аймағында ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
2. Бақты ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Қалиевқа (келісім бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. «Тыныс» Бақты жанұя-дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Л. Макибаеваға (келісім бойынша) Бақты ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісім бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға шаралар қабылдау ұсынылсын.
5. Бақты ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы А. Ахмеровқа (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
6. Бақты ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері С. Нурмухаметовқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бақты ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы М. Ахметқанов
Келісілді:
Бақты ауылдық округінің мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Қалиев
10 наурыз 2011 жыл
«Тыныс» Бақты жанұя–дәрігерлік
амбулаториясының аға дәрігері Л. Макибаева
10 наурыз 2011 жыл
Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллин
10 наурыз 2011 жыл
Бақты ауылдық округінің
учаскелік полиция инспекторы А. Ахмеров
10 наурыз 2011 жыл