Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2011.11.23 N 73 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1047 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мақаншы ауылдық округінің аймағында ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
2. Мақаншы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы К. Турдыбаевқа (келісімі бойынша) шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Үржар аудандық № 2 медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакияноваға (келісімі бойынша) Мақаншы ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісімі бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға және оларды емдеу шаралары қабылдау ұсынылсын.
5. Мақаншы ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Қ. Кабдулдинге (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
6. Мақаншы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық дәрігері Б. Иманбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақаншы ауылдық
округінің әкімі С. Қалиев
Келісілді:
Мақаншы ауылдық округінің
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы К. Турдыбаев
18 наурыз 2011 ж.
Үржар аудандық № 2 медициналық
бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакиянова
18 наурыз 2011 ж.
Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллин
18 наурыз 2011 ж.
Мақаншы ауылдық округінің
учаскелік полиция инспекторы Қ. Кабдулдин
18 наурыз 2011 ж.