Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012.09.12 N 722 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Г. Акулов