Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012.01.26 № 14 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскери шақыруды кейінге қалдыруға босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссиясы құрылсын.
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4. Ауылдық, селолық округ әкімдері азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткiзудi және оларды әскери қызмет өткеру үшiн жөнелтудi қамтамасыз етсін.
5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз етсін.
7. "Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаменті Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.
8. Аталған шараларға байланысты шығындар жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы В. Савченко
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, денсаулық сақтау
басқармасының "Бөрлі
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Алдангаров Алтай Аскарович
13.07.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, майор
_____________Кенжегалиев Нурбулат Утепович
13.07.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
ішкі істер Департаментінің
Бөрлі ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы, полиция полковнигі
_____________Наурзалиев Нургали Мергенович
13.07.2011 ж.
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 13 шілдедегі
№ 578 қаулысына қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Кенжегалиев Нурболат – аудандық қорғаныс істері
Утепович жөніндегі бөлім бастығы,
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Балмулдин Бауржан – аудандық ішкі саясат
Кабдоллаевич бөлімі меңгерушісінің
міндетін атқарушы,
комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Ермуханов Дархан – аудандық ішкі істер бөлімі
Максутович бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Утепов Нуржан – терапевт, медициналық
Жаксыгалиевич комиссияның төрағасы
(келісім бойынша)
Кульщицкая Елена – аудандық аурухананың
Михайловна медбикесі,комиссия хатшысы
Комиссиясының резервтік құрамы:
Шингалиев Эльдар Ксрауович – аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім
бастығының орынбасары -
жұмылдыру даярлығы және
аймақтық бөлімінің бастығы
– шақыру комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша)
Машканов Қайрат Талапович – мемлекеттік-құқықтық және
кадрлық жұмыстар бөлімі
меңгерушісінің міндетін
атқарушы комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Кайрмуханов Талгат – аудандық ішкі істер бөлімі
Кайнарбаевич бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Арыстанов Саин Сатанович – хирург, медициналық
комиссияның төрағасы
(келісім бойынша)
Избасарова Маруа Машеновна – аудандық аурухананың
медбикесі, комиссия
хатшысы (келісім бойынша)
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі (жергілікті уақыт бойынша) сағ. 8.00-ден 17.00-ге дейін белгіленсін.
Аудандық медициналық комиссия құрамы:
Медициналық комиссиясының төрағасы, дәрігер
дәрігер-мамандар:
терапевт
хирург
невропатолог
отоларинголог
офтальмолог
дерматолог
фтизиатр
эндокринолог
психиатр
стоматолог
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 13 шілдедегі
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу кестесі
№ р/с |
Атауы |
Комиссияның жұмыс күндері сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін |
|||||
сәуір |
мамыр |
мау- |
қазан |
қа- |
жел- |
||
1 |
"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29 |
5, 12, 19, 26 |
2, 9, 16, 23, 30 |
3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28, 31 |
3, 10, 17, 24 |
1, 8, 15, 22, 29 |