Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 10.04.2012 № 2 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Шыңғырлау ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханаcы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелерінде тіркеуді өткізу кезеңіне 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер бөлсін.
4. Жоғарыда аталған шараларға қаржы жергілікті бюджет есебінен өтелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі | А. Халелов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысының
Шыңғырлау ауданның қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________М. Шутанов
15.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Шыңғырлау
аудандық орталық ауруханаcы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Т. Қалмен
15.12.2011 ж.