Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 202, 212, 213 және 215 бюджеттік бағдарламалар әкімшісілерімен толықтырылсын:
«202 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
213 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
215 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 226, 233, 234, 235 және 601 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
233 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
234 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
235 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету
601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында:
258 «Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», 357 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және 453 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
мынадай мазмұндағы 110 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«110 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасы»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
3 «Сот қызметi» функционалдық кіші тобында:
501 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
007 «Сот билігінің жергілікті органдарының сот төрелігін іске асыруын қамтамасыз етуі» бюджеттік бағдарламасы бойынша;
100 «Сот билігінің жергілікті органдарының сот төрелігін жіберілуін қамтамасыз етуі» бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«100 Сот билігінің жергілікті органдарының сот төрелігін іске асыруын қамтамасыз етуі»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
4 «Туризм» функционалдық кіші тобында:
380 «Алматы қаласы туризм басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«005 Туризм нысандарын дамыту»;
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
372 ««Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 065 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту»;
Шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
110 «Жалақы» кіші сыныбында:
114 «Жинақтаушы зейнетақы қорларына судьялардың қосымша белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналары және әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы органдары және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және бюджет қаражаты есебінен жинақтаулы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары»;
2 «Күрделi шығындар» санатында:
04 «Негiзгi капиталды сатып алу» сыныбында:
420 «Негiзгi капиталды құру» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 424 ерекшелікпен толықтырылсын:
«424 Мемлекеттiк кәсiпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
110 «Жалақы» кіші сыныбында:
114 «Жинақтаушы зейнетақы қорларына судьялардың қосымша белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналары және әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы органдары және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және бюджет қаражаты есебінен жинақтаулы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары»;
«Анықтама» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ерекшелiк бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан аз әскери қызмет, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызмет өтiлi бар Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы органдары және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiн ақшалай қамту мөлшерiнiң 20%-ы мөлшерiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары көрсетiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорына судьяның ай сайынғы кiрiсiнiң 10 % мөлшерiнде қосымша зейнетақы жарналары.»;
420 «Негiзгi капиталды құру» кіші сыныбында:
424 «Мемлекеттiк кәсiпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» ерекшелігі бойынша:
«Шығындардың тiзбесi» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы ерекшелiк бойынша мемлекеттiк кәсiпорындармен жасалған аяқталып отырған ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша шығыстарды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады».
2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев