Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.09.2019 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар белгіленсін:
1) екінші деңгейдегі банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:
Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары осы қаулының қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста болады;
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдары таныған заңды тұлғалардың акциялары қор биржасының тізіміне енгізілген;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының № 189 қаулыда көзделген ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген;
2) банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады;
3) Банктер туралы заңның 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың банктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнының мөлшері банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен1-1. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген акциялардан басқа банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары:
депозитарлық қызметті немесе бағалы қағаздар нарығында сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акцияларын;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "Стандарт" санатына және "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізілген, банктің және банк холдингінің еншілес ұйымы маркет-мейкер функцияларын жүзеге асыратын акциялары.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 05.06.2012 бастап туындаған қатынастарға қолданылады); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына қосымша |
Халықаралық қор биржаларының тізімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG);
2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange);
3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE);
4. Бразилия қор биржасы (Bovespa);
5. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange);
6. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing);
7. Амстердамдағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam);
8. Брюссельдегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels);
9. Лиссабондағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon);
10. Париждегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris);
11. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange);
12. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange);
13. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA);
14. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange);
15. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia);
16. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV);
17. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited);
18. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG);
19. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange);
20. Испания біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges);
21. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.);
22. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange);
23. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange);
24. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange);
25. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange);
26. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange);
27. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange);
28. Афина қор биржасы (Athens Exchange);
29. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange);
30. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Securities Exchange South Africa);
31. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange);
32. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg);
33. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange);
34. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal);
35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange);
36. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange);
37. Осло қор биржасы (Oslo bourse);
38. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС);
39. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ);
40. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange);
41. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange);
42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange);
43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange);
44. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange);
45. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).