Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттің, пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7516 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Патент Заңының" 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар;

      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Пайдалы модельге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар;

      3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығына
1-қосымша

Өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және патентке қосымшаны дайындауды, қолданылу мерзімін ұзартуды талап ететін өнертабысқа қатысты салыстырмалы талдауды жасап, осы патенттің құқығын куәләндыратын, патенттің жарамдылық мерзімін ұзарту жөніндегі өтінішті қарастыратын сараптама ұйымы мен патент иеленуші арасындағы іс-қимыл тәртібін анықтайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

      2) дәрі-дәрмектер – адам ағзасымен қатынаста болатын немесе оның органдары мен талшықтарына енетін, аурулардың, сондай-ақ ағзаның жағдайы мен функцияларының өзгеруінің алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды қамтитын немесе сол тәрізді құралдар. Дәрі-дәрмектерге фармацевтикалық субстанциялар мен дәрілік препараттар жатады;

      3) құзырлы орган:

      дәрі-дәрмектерге қатысты – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрі-дәрмектер айналымы, медициналық қолданыстағы бұйымдар және медициналық техника, медициналық қызмет сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      пестицидтерге (улы химикаттарға) қатысты – өсімдіктерді қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі аясында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ жинау алдында кептіру, жапырақтарды жою және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар.

      5) рұқсат – құзырлы орган берген дәрі-дәрмекті, пестицидті (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      құзырлы орган:

      6) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салада қызметін атқаратын, уәкілетті органға бағынысты ұйым (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету);

      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      3. Өнертабысқа патент сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл ішінде қолданыста болады.

      4. Қолдану үшін заңда белгіленген тәртіппен дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ ол мерзім бес жылдан аспайды.

      Мерзім өнертабысқа патент беруге өтінім берген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсатты алған күнге дейін өткен уақытқа, бес жылды алып тастай отырып, ұзартылады.

      Егер өнертабыс формуласында ол жалпы құрылымдық формуламен сипатталатын композиция, қосылым немесе қосылымдар тобы түрінде сипатталатын болса, және өнертабыс сипаттамасынан оны дәрі-дәрмектің, пестицидтің белсенді ингредиенті ретінде пайдалану мүмкіндігі айқын болса, ол дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатады.

      5. Патент иеленушінің өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхаты (одан әрі - өтінішхат) патенттің қолданылу кезеңінде өнертабысты қолдануға рұқсат алған күннен немесе патентті берген күннен бастап, осы мерзімдердің қайсысы кешірек өтетініне байланысты, алты ай өтпестен бұрын беріледі.

      Егер бірінші рұқсат 2015 жылғы 7 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне дейін берілген жағдайда өтінішхат патент қолданылатын мерзім ішінде, бірақ оның қолданылу мерзімі өткенге дейін екі айдан кешіктірілмей беріледі.

      6. Өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша істерді жүргізу үшін патент иеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне (бұдан әрі – патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе тиісті сенімхат бере отырып, өзге де өкілге уәкілеттік бере алады.

      7. Өтініш мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Басқа тілде берілген өтінішке өтініш берілген кезден бастап бір ай ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініштің аудармасы берілмеген жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.

      8. Өтінішке патент иеленуші (егер патент иеленуші адамдар тобы болып табылса, өтінішке аталған топқа кіретін адамдар қол қояды) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды.

      9. Өтінішке:

      1) қолдануға құзырлы органның алғашқы рұқсаты алынған, өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақта сипатталған өнертабысты аталған дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатқызуға мүмкіндік беретін дәрі-дәрмек, пестицид (улы химикат) туралы мәліметтерді қамтитын ресми құжаттардың көшірмелері;

      2) ерекше құқықтарының қолдану мерзімін ұзарту сұратылып отырған өнертабысты (өнертабыс формуласындағы тиісті тәуелсіз тармағын) және осы құқықты куәландыратын патентті көрсету, аталған рұқсат осы өнертабысқа қатысты екенін көрсету және осы дәрі-дәрмек, пестицид (улы химикат) өнертабыс формуласындағы тиісті тәуелсіз тармағында сипатталатыны айқын болатын түсіндірулер;

      3) өнертабысқа патенттің қолдану мерзімін ұзарту үшін ақы төленгенін растайтын құжат;

      4) сенімхат (егер өтінішті өкіл беретін болса) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл беретін болса) қоса берілеті.

      10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына тікелей ұсынылады немесе пошта арқылы жолданады;

      Құжаттар көшірмелері факс арқылы жіберілген жағдайда құжаттар түпнұсқалары сараптама жасау ұйымына бір ай ішінде ұсынылады.

      11. Өтініш және оған қоса берілген құжаттар сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап бір ай мерзімінде қаралады.

      Факс арқылы берілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау мерзімі олардың түпнұсқалары түскен күннен бастап есептеледі;

      Басқа тілде түлде жіберілген өтінішті қарау мерзімі қазақ және/немесе орыс тілдеріне аудармасы түскен күннен бастап есептеледі;

      12. Өтінішті қарау қаралып отырған патент берілген өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақта сипатталған өнертабысты қолдануға рұқсат алынған дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатқызу мүмкіндігін тексеруді қамтиды.

      13. Қоспа (жалпы құрылымдық формулада сипатталатын қоспалар тобы) түрінде сипатталған өнертабысты қолдануға рұқсат алынған дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатқызу мүмкіндігін тексеру өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақта сипатталған қоспаны рұқсатта көрсетілген дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) белсенді ингредиентімен салыстырудан тұрады. Бұл ретте өнертабыстың сипаттамасында қосылым оны аталған дәрі-дәрмекте, пестицидте (улы химикатта) пайдалануға мүмкіндік беретін белсенділікке ие болатыны туралы ақпараттың бар–жоғы тексеріледі. Егер қоспа осындай дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) белсенді ингредиенті болып табылса және өнертабыстың сипаттамасы жоғарыда көрсетілген ақпаратты қамтитын болса қаралып отырған өнертабыс рұқсатта көрсетілген дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатады.

      14. Композиция түрінде сипатталған өнертабысты қолдануға рұқсат алынған дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатқызу мүмкіндігін тексеру патенттелген композицияның сипаттамасын және рұқсатта көрсетілген дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) композициясының сипаттамасын (арналуы, құрамы, егер өнертабыс формуласында келтірілсе немесе композиция құрамынан айқындалса, оның нысаны) салыстырудан тұрады.

      Егер өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақ рұқсатта көрсетілген дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) сипаттамасын қамтитын болса, қаралып отырған өнертабыс дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатады.

      15. Дәрі-дәрмектің, пестицидтің қоспасын, сондай-ақ құрамына осы қоспа кіретін композициясын қамтитын өнертабыстар тобына берілген өнертабысқа патенттің қолданыс мерзімін ұзарту осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жүзеге асырылады және топтың әрбір өнертабысына қатысты осы Қағидалардың 13 және 14–тармақтарына тиісінше сәйкес жүргізіледі.

      16. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген өтінішті беру шарттары сақталған жағдайда, патенттің қолданылуы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелетін мерзімге ұзартылады.

      Патент иеленушіге өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми жариялануымен бір мезгілде Патентке қосымша беріледі.

      Өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және ресми бюллетеньде жарияланады.

      17. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-15-тармақтарына сәйкес жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша патент иеленушіден қосымша құжаттар мен түсініктер алу қажеттігі туындаған жағдайда, өтініш берген тұлғаға сұрату жіберген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ және/немесе түзетілген құжаттарды жіберу ұсынысымен сұрату жіберіледі.

      Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттардың соңғысы келіп түскен күннен бастап есептеледі.

      18. Жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар осы Қағидалардың 7, 10, 17-тармақтарына ұсынылмаған жағдайда өнертабысқа патенттің қолдану мерзімі ұзартылмайды, бұл жөнінде өтініш берген тұлға бір ай мерзімінде хабарландырылады.

      19. Патент заңының 11-бабының 15-тармағына сәйкес өнертабысқа патенттің күшін сақтау үшін жыл сайынғы баж төленбесе, патенттің қолданылу мерзімін ұзарту күшін жояды және Патентке қосымшаның күші тоқтатылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығына
2-қосымша

Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту
жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

      2) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салада қызметін атқаратын, уәкілетті органға бағынысты ұйым (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету);

      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      3. Пайдалы модельге патент Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады.

      4. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      5. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) сараптама жасау ұйымына патенттің қолданылуының бесінші жылы ішінде ол күшін сақтаған жағдайында беріледі.

      6. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш беру және ол бойынша істерді жүргізу үшін патент иеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне (бұдан әрі – патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе Патент заңында көзделген жағдайларда тиісті сенімхат бере отырып, өзге де өкілге уәкілеттік бере алады.

      7. Өтініш мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Басқа тілде берілген өтінішке өтініш берілген кезден бастап бір ай ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініштің аудармасы берілмеген жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.

      8. Өтінішке патент иеленуші (егер патент иеленуші адамдар тобы болып табылса, өтінішке аталған топқа кіретін адамдар қол қояды) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды.

      9. Өтінішке:

      1) пайдалы модельге патенттің қолдану мерзімін ұзарту үшін ақы төленгенін және ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды растайтын құжат;

      2) сенімхат (егер өтінішті өкіл беретін болса) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл беретін болса) қоса беріледі.

      10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама ұйымына тікелей ұсынылады немесе пошта арқылы жолданады;

      Құжаттар көшірмелері факс арқылы жіберілген жағдайда құжаттар түпнұсқалары сараптама жасау ұйымына бір ай ішінде ұсынылады.

      11. Өтініш және оған қоса берілген құжаттар сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады.

      Факс арқылы берілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау мерзімі олардың түпнұсқалары түскен күннен бастап есептеледі;

      Басқа тілде түлде жіберілген өтінішті қарау мерзімі қазақ және/немесе орыс тілдеріне аудармасы түскен күннен бастап есептеледі;

      12. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген өтінішті беру шарттары сақталған жағдайда патенттің қолданылуы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелетін мерзімге ұзартылады.

      Патент иеленушіге пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми жариялануымен бір мезгілде Патентке қосымша беріледі.

      Патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және ресми бюллетеньде жарияланады.

      13. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда не өтініште көрсетілген библиографиялық деректер Мемлекеттік тізілімнің деректеріне сәйкес келмегенде, патент иеленушіге сараптама жасау ұйымына жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде тиісті өзгерістерді енгізу жөнінде хабарлама жіберіледі.

      Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі.

      14. Құжаттар осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, бұл жөнінде өтініш берген тұлға бір ай ішінде хабарландырылады.

      15. Егер пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген патент иеленуші тегін, атын, әкесінің атын не библиографиялық деректерді өзгертсе, онда ол хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Осы орайда, өтінішті қарау мерзімі тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      16. Патент заңының 11-бабының 15-тармағына сәйкес пайдалы модельге патенттің күшін сақтау үшін жыл сайынғы баж төленбесе, патенттің қолданылу мерзімін ұзарту күшін жояды және Патентке қосымшаның күші тоқтатылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығына
3-қосымша

Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін
ұзарту жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

      2) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салада қызметін атқаратын, уәкілетті органға бағынысты ұйым (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету);

      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      3. Өнеркәсіптік үлгіге патент Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап он бес жыл ішінде қолданыста болады.

      4. Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші (бұдан әрі – өтініш) бойынша бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      5. Өтініш сараптама жасау ұйымына патент қолданылуының он бесінші жылы ішінде ол күшін сақтаған жағдайында беріледі.

      6. Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша істерді жүргізу үшін патент иеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне (бұдан әрі – патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе сенімхат бере отырып, өзге де өкілге уәкілеттік бере алады.

      7. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Басқа тілде берілген өтінішке өтініш берілген кезден бастап бір ай ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініштің аудармасы берілмеген жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.

      8. Өтінішке патент иеленуші (егер патент иеленуші адамдар тобы болып табылса, өтінішке аталған топқа кіретін адамдар қол қояды) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды.

      9. Өтінішке

      1) өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолдану мерзімін ұзарту үшін ақы төленгенін және ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды растайтын құжат;

      2) сенімхат (егер өтінішті өкіл беретін болса) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл беретін болса) қоса беріледі.

      10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама ұйымына тікелей ұсынылады немесе пошта арқылы жолданады;

      Құжаттар көшірмелері факс арқылы жіберілген жағдайда құжаттар түпнұсқалары сараптама жасау ұйымына бір ай ішінде ұсынылады.

      11. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады.

      Факс арқылы берілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау мерзімі олардың түпнұсқалары түскен күннен бастап есептеледі;

      Басқа тілде түлде жіберілген өтінішті қарау мерзімі қазақ және/немесе орыс тілдеріне аудармасы түскен күннен бастап есептеледі;

      12. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарындағы көрсетілген өтінішті беру шарттары сақталған жағдайда, патенттің қолданылуы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мерзімге ұзартылады.

      Патент иеленушіге өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми жариялануымен бір мезгілде Патентке қосымша беріледі.

      Патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және бюллетеньде жарияланады.

      13. Осы Қағидалардың 7-9 тармақтарында көзделген қажетті құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда не өтініште көрсетілген библиографиялық деректер Мемлекеттік тізілімнің деректеріне сәйкес келмегенде, патент иеленушіге сараптама жасау ұйымына жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде тиісті өзгерістерді енгізу жөнінде хабарлама жіберіледі.

      Өтінішті қарау мерзімі жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі.

      14. Құжаттар осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, бұл жөнінде өтініш берген тұлға бір ай ішінде хабарландырылады.

      15. Егер өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген патент иеленуші тегін, атын, әкесінің атын не библиографиялық деректерді өзгертсе, онда ол хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Осы орайда, өтінішті қарау мерзімі тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      16. Патент заңының 11-бабының 15-тармағына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге патенттің күшін сақтау үшін жыл сайынғы баж төленбесе, патенттің қолданылу мерзімін ұзарту күшін жояды және Патентке қосымшаның күші тоқтатылады.

Об утверждении Правил по продлению срока действия инновационного патента и патента на изобретение, патента на полезную модель и промышленный образец

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 88. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 апреля 2012 года № 7516. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 25 августа 2018 года № 1302.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 25.08.2018 № 1302 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1999 года "Патентный Закон Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила по продлению срока действия патента на изобретение согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила по продлению срока действия патента на полезную модель согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) Правила по продлению срока действия патента на промышленный образец согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Министра юстиции РК от 30.06.2015 № 361 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.

      3. Департаменту по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет".

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра юстиции РК от 30.06.2015 № 361 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Б. Имашев


  Приложение 1
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан
от 24 февраля 2012 года № 88

Правила
продления срока действия патента на изобретение

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра юстиции РК от 30.06.2015 № 361 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила продления срока действия патента на изобретение (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан "Патентный Закон Республики Казахстан" (далее - Патентный закон) и определяют порядок взаимодействия между патентообладателем и экспертной организацией по вопросам, связанным с продлением срока действия патента на изобретения (далее - ходатайство), рассмотрения ходатайства о продлении срока действия патента, проведения сопоставительного анализа изобретения, в отношении которого испрашивается продление, и удостоверяющего право патента, подготовки приложения к патенту по продлению срока действия патента на изобретение.

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) бюллетень - официальное периодическое издание по вопросам охраны объектов промышленной собственности;

      2) лекарственные средства - средства, представляющие собой или содержащие фармакологически активные вещества, вступающие в контакт с организмом человека или проникающие в его органы и ткани, предназначенные для профилактики, диагностики и лечения заболеваний, а также изменения состояния и функций организма. К лекарственным средствам относятся фармацевтические (активные) субстанции и лекарственные препараты;

      3) компетентный орган (далее – компетентный орган):

      в отношении лекарственного средства - государственный орган, осуществляющий руководство в области охраны здоровья граждан, медицинской и фармацевтической науки, медицинского и фармацевтического образования, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, контроля за качеством медицинских услуг;

      в отношении пестицида (ядохимиката) - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области защиты растений, а также в пределах своих полномочий межотраслевую координацию;

      4) пестициды (ядохимикаты) - химические, биологические и другие вещества, используемые против вредных и особо опасных вредных организмов, а также для предуборочного просушивания, удаления листьев и регулирования роста растений;

      5) разрешение - удостоверение о государственной регистрации лекарственного средства, пестицида (ядохимиката), выданное компетентным органом;

      6) экспертная организация - организация, подведомственная уполномоченному органу, осуществляющая деятельность в сферах, отнесенных к государственной монополии (оказание услуг в области охраны изобретений, полезных моделей, промышленных образцов);

      7) уполномоченный орган - Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Патент на изобретение действует в течение двадцати лет с даты подачи заявки на изобретение (далее - заявка) в экспертную организацию.

      4. В отношении изобретения, относящегося к лекарственному средству, пестициду (ядохимикату), для применения которых необходимо получение разрешения на его применение, срок действия патента продлевается по ходатайству патентообладателя, но не более чем на пять лет.

      Срок продлевается на время, прошедшее с даты подачи заявки на изобретение до даты получения первого разрешения на применение изобретения за вычетом пяти лет.

      Изобретение относится к лекарственному средству, пестициду (ядохимикату), если в формуле изобретения оно охарактеризовано в виде композиции, соединения или группы соединений, описываемых общей структурной формулой, и из описания изобретения следует его использование в качестве активного ингредиента лекарственного средства, пестицида.

      5. Ходатайство подается в период действия патента до истечения шести месяцев со дня получения первого разрешения на применение изобретения или даты выдачи патента в зависимости от того, какой из этих сроков истекает позднее.

      В случае, если первое разрешение выдано до вступления в силу Закона Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам правового регулирования сферы интеллектуальной собственности", то ходатайство подается в течение срока действия патента, но не позднее двух месяцев до истечения срока его действия.

      6. Подача ходатайства и ведения делопроизводства по продлению срока действия патента на изобретение через патентного поверенного Республики Казахстан (далее - патентный поверенный) или иного представителя, осуществляется с выдачей ему доверенности.

      7. Ходатайство представляется на казахском и/или русском языках. К ходатайству, представленному на иностранном языке, прилагается его перевод на казахском и русском языках в течение одного месяца с момента подачи ходатайства. В случае непредставления перевода в срок ходатайство признается неподанным.

      8. Ходатайство подписывается патентообладателем (если патентообладателем является группа лиц, ходатайство подписывается всеми лицами) или патентным поверенным, или иным представителем, действующим на основании доверенности.

      9. К ходатайству прилагаются:

      1) копии официальных документов, содержащих сведения о лекарственном средстве, пестициде (ядохимикате), на применение которых получено первое разрешение компетентного органа, позволяющие отнести изобретение, охарактеризованное в независимом пункте формулы изобретения, к указанному лекарственному средству, пестициду (ядохимикату);

      2) указание изобретения (соответствующего независимого пункта формулы изобретения), в отношение которого испрашивается продление срока действия исключительного права и удостоверяющего право патента, утверждение о том, что указанное разрешение является первым в отношении изобретения и пояснения, из которых следует, что указанное лекарственное средство, пестицид (ядохимикат) охарактеризован в соответствующем независимом пункте формулы изобретения;

      3) документ, подтверждающий оплату за продление срока действия патента на изобретение и публикацию сведений о продлении в бюллетне;

      4) доверенность (если ходатайство подается представителем) или копия доверенности (если ходатайство подается патентным поверенным).

      10. Ходатайство и прилагаемые к нему документы представляются в экспертную организацию непосредственно или направляются по почте.

      В случае передачи копии документов по факсу оригиналы документов представляются в экспертную организацию в течение одного месяца.

      11. Ходатайство и прилагаемые документы к нему документы рассматриваются в месячный срок с даты их поступления экспертную организацию.

      Срок рассмотрения ходатайства и прилагаемых к нему документов, переданных по факсу, исчисляется с даты поступления их оригиналов.

      Срок рассмотрения ходатайства предоставленного на иностранном языке, исчисляется с даты поступления перевода на казахский и/или русский языки.

      12. Рассмотрение ходатайства включает проверку возможности отнесения изобретения, охарактеризованного в независимом пункте формулы изобретения рассматриваемого патента, к лекарственному средству, пестициду (ядохимикату), на применение которого получено разрешение.

      13. Проверка возможности отнесения изобретения, охарактеризованного в виде соединения (группы соединений, описываемых общей структурной формулой), к лекарственному средству, пестициду (ядохимикату), на применение которого получено разрешение, заключается в сравнении соединения, охарактеризованного в независимом пункте формулы изобретения, с активным ингредиентом лекарственного средства, пестицида (ядохимиката), указанного в разрешении. При этом проверяется, содержит ли описание изобретения информацию о том, что соединение обладает такой активностью, которая позволяет его использовать в указанном лекарственном средстве, пестициде (ядохимикате). Рассматриваемое изобретение относится к лекарственному средству, пестициду (ядохимикату), указанному в разрешении, если соединение является активным ингредиентом такого лекарственного средства, пестицида (ядохимиката) и описание изобретения содержит соответствующую информацию.

      14. Проверка возможности отнесения изобретения, охарактеризованного в виде композиции, к лекарственному средству, пестициду (ядохимикату), на применение которого получено разрешение, заключается в сравнении характеристики запатентованной композиции и характеристики композиции лекарственного средства, пестицида (ядохимиката), указанного в разрешении (назначение, состав, форма приведенная в формуле изобретения или следует из состава композиции).

      Рассматриваемое изобретение относится к лекарственному средству, пестициду (ядохимикату), если независимый пункт формулы изобретения включает характеристику указанного в разрешении лекарственного средства, пестицида (ядохимиката).

      15. Продление срока действия патента на изобретение, выданного на группу изобретений, включающую как соединение, так и композицию лекарственного средства, пестицида, содержащую соединение, осуществляется в соответствии с пунктом 12 настоящих Правил и проводится в отношении каждого изобретения группы в соответствии с пунктами 13 и 14 настоящих Правил.

      16. При соблюдении условий подачи ходатайства, указанных в пунктах 79 настоящих Правил, действие патента продлевается на срок, исчисляемый в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил.

      Одновременно с официальной публикацией о продлении срока действия патента на изобретение патентообладателю направляется приложение к патенту.

      Сведения о продлении срока действия патента на изобретение вносятся в Государственный реестр изобретений Республики Казахстан и публикуются в бюллетене.

      17. При отсутствии или неправильном оформлении документов, указанных в пункте 9 настоящих Правил, а также при возникновении необходимости получения дополнительных документов и разъяснений от патентообладателя по результатам проверки, проведенной в соответствии с пунктами 12 – 15 настоящих Правил, лицу, подавшему ходатайство, направляется в месячный срок запрос с предложением в трехмесячный срок с даты направления запроса представить отсутствующие и/или исправленные документы.

      Срок рассмотрения ходатайства, установленный в пункте 10 настоящих Правил, исчисляется с даты поступления последнего из недостающих и/или исправленных документов.

      18. В случае не предоставления документов в сроки, указанные в пунктах 7, 10, 17 настоящих Правил, срок действия патента на изобретение не продлевается, о чем в месячный срок уведомляется лицо, подавшее ходатайство.

      19. При неуплате ежегодной пошлины за поддержание в силе патента на изобретение в соответствии с пунктом 15 статьи 11 Патентного закона продление срока действия патента утрачивает силу, и действие Приложения к патенту прекращается.

  Приложение 2
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан
от 24 февраля 2012 года № 88

Правила
по продлению срока действия патента на полезную модель

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра юстиции РК от 30.06.2015 № 361 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила продления срока действия патента на полезную модель (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан "Патентный Закон Республики Казахстан" (далее - Патентный закон).

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) бюллетень - официальное периодическое издание по вопросам охраны объектов промышленной собственности;

      2) экспертная организация - организация, подведомственная уполномоченному органу, осуществляющая деятельность в сферах, отнесенных государственной монополии (оказание услуг в области охраны изобретений, полезных моделей, промышленных образцов);

      3) уполномоченный орган – Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Патент на полезную модель (далее – патент) действует в течение пяти лет с даты подачи заявки в экспертную организацию в соответствии c пунктом 3 статьи 5 Патентного закона.

      4. Срок действия патента на полезную модель продлевается по ходатайству патентообладателя о продлении срока действия патента на полезную модель (далее - ходатайство) на срок не более трех лет.

      5. Ходатайство подается в экспертную организацию в течение пятого года действия патента при условии поддержания в силе.

      6. Для подачи ходатайства и ведения делопроизводства по продлению срока действия патента на полезную модель патентообладатель может уполномочить патентного поверенного Республики Казахстан (далее - патентный поверенный) или иного представителя, с выдачей ему доверенности.

      7. Ходатайство представляется на казахском и русском языках. К ходатайству, представленному на иностранном языке, прилагается его перевод на казахский и русский языки в течение одного месяца с момента подачи ходатайства. В случае непредставления перевода ходатайство признается неподанным.

      8. Ходатайство подписывается патентообладателем (если патентообладателем является группа лиц, ходатайство подписывается всеми лицами) или патентным поверенным, или иным представителем, действующим на основании доверенности.

      9. К ходатайству прилагаются:

      1) документ, подтверждающий оплату за продление срока действия патента на полезную модель и публикацию сведений о продлении в бюллетне;

      2) доверенность (если ходатайство подается представителем) или копия доверенности (если ходатайство подается патентным поверенным).

      10. Ходатайство и прилагаемые к нему документы представляются в экспертную организацию непосредственно или направляются по почте.

      В случае передачи копии документов по факсу оригиналы документов представляются в экспертную организацию в течение одного месяца.

      11. Ходатайство и прилагаемые документы рассматриваются в месячный срок с даты их поступления экспертную организацию.

      Срок рассмотрения ходатайства и прилагаемых к нему документов, переданных по факсу, исчисляется с даты поступления их оригиналов.

      Срок рассмотрения ходатайства предоставленного на иностранном языке, исчисляется с даты поступления перевода на казахский и/или русский языки.

      12. При соблюдении условий подачи ходатайства, указанных в пунктах 7–9 настоящих Правил, действие патента на полезную модель продлевается на срок в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил.

      Одновременно с официальной публикацией о продлении срока действия патента на полезную модель патентообладателю направляется приложение к патенту.

      Сведения о продлении срока действия патента вносятся в Государственный реестр полезных моделей Республики Казахстан (далее – Государственный реестр) и публикуются в бюллетене.

      13. При отсутствии или неправильном оформлении какого-либо из документов, предусмотренных пунктами 7 - 9 настоящих Правил либо несоответствия библиографических данных, указанных в заявлении с данными Государственного реестра, патентообладателю направляется уведомление о представлении в экспертную организацию недостающих и/или исправленных документов, либо внесении соответствующих изменений в течение трех месяцев с даты отправления уведомления.

      Срок рассмотрения ходатайства, указанный в пункте 11 настоящих Правил, исчисляется с даты поступления недостающих и/или исправленных документов.

      14. В случае не предоставления документов в сроки, указанные в пунктах 7-9 настоящих Правил, срок действия патента на полезную модель не продлевается, о чем в месячный срок уведомляется лицо, подавшее ходатайство.

      15. Если патентообладатель, подавший ходатайство о продлении патента на полезную модель, изменил фамилию, имя, отчество (при его наличии) либо библиографические данные, то в течение трех месяцев с даты отправления уведомления патентнообладатель подает ходатайство о внесении изменений и дополнений в экспертную организацию. При этом срок рассмотрения ходатайства приостанавливается до внесения соответствующих изменений.

      16. При неуплате ежегодной пошлины за поддержание в силе патента на полезную модель в соответствии с пунктом 15 статьи 11 Патентного закона продление срока действия патента утрачивает силу, и действие Приложения к патенту прекращается.

  Приложение 3
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан
от 24 февраля 2012 года № 88

Правила
по продлению срока действия на промышленный образец

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра юстиции РК от 30.06.2015 № 361 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила продления срока действия патента на промышленный образец (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан "Патентный Закон Республики Казахстан" (далее - Патентный закон).

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) бюллетень - официальное периодическое издание по вопросам охраны объектов промышленной собственности;

      2) экспертная организация - организация, подведомственная уполномоченному органу, осуществляющая деятельность в сферах, отнесенных государственной монополии (оказание услуг в области охраны изобретений, полезных моделей, промышленных образцов);

      3) уполномоченный орган – Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Патент на промышленный образец действует в течение пятнадцати лет с даты подачи заявки в экспертную организацию в соответствии c пунктом 3 статьи 5 Патентного закона.

      4. Срок действия патента на промышленный образец продлевается по ходатайству патентообладателя о продлении срока действия патента на промышленный образец (далее - ходатайство) на срок не более пяти лет.

      5. Ходатайство подается в экспертную организацию в течение пятнадцатого года действия патента при условии поддержания его в силе.

      6. Для подачи ходатайства и ведения делопроизводства по продлению срока действия патента на промышленный образец патентообладатель может уполномочить патентного поверенного Республики Казахстан (далее - патентный поверенный) или иного представителя, с выдачей ему доверенности.

      7. Ходатайство представляется на казахском и русском языках. К ходатайству, представленному на иностранном языке, прилагается его перевод на казахский и русский языки в течение одного месяца с момента подачи ходатайства. В случае непредставления перевода ходатайство признается неподанным.

      8. Ходатайство подписывается патентообладателем (если патентообладателем является группа лиц, ходатайство подписывается всеми лицами, входящими в указанную группу) или патентным поверенным, или иным представителем, действующим на основании доверенности.

      9. К ходатайству прилагаются:

      1) документ, подтверждающий оплату за продление срока действия патента на промышленный образец и публикацию сведений о продлении в бюллетне;

      2) доверенность (если ходатайство подается представителем) или копия доверенности (если ходатайство подается патентным поверенным).

      10. Ходатайство и прилагаемые к нему документы представляются в экспертную организацию непосредственно или направляются по почте.

      В случае передачи копии документов по факсу оригиналы документов представляются в экспертную организацию в течение одного месяца.

      11. Ходатайство и прилагаемые документы рассматриваются в месячный срок с даты их поступления экспертную организацию.

      Срок рассмотрения ходатайства и прилагаемых к нему документов, переданных по факсу, исчисляется с даты поступления их оригиналов.

      Срок рассмотрения ходатайства предоставленного на иностранном языке, исчисляется с даты поступления перевода на казахский и/или русский языки.

      12. При соблюдении условий подачи ходатайства, указанных в пунктах 7–9 настоящих Правил, действие патента продлевается на срок в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил.

      Одновременно с официальной публикацией о продлении срока действия патента на промышленный образец патентообладателю направляется приложение к патенту.

      Сведения о продлении срока действия патента вносятся в Государственный реестр промышленных образцов Республики Казахстан (далее – Государственный реестр) и публикуются в бюллетене.

      13. При отсутствии или неправильном оформлении какого-либо из необходимых документов предусмотренных пунктами 7 - 9 настоящих Правил, либо несоответствия библиографических данных, указанных в заявлении с данными Государственного реестра, патентообладателю направляется в месячный срок уведомление о представлении в экспертную организацию недостающих и/или исправленных документов, либо внесении соответствующих изменений в течение трех месяцев с даты отправления уведомления.

      Срок рассмотрения ходатайства исчисляется с даты поступления недостающих и/или исправленных документов.

      14. В случае не предоставления документов в сроки, указанные в пунктах 7-9 настоящих Правил, срок действия патента на промышленный образец не продлевается, о чем в месячный срок уведомляется лицо, подавшее ходатайство.

      15. Если патентообладатель, подавший ходатайство о продлении патента на промышленный образец, изменил фамилию, имя, отчество (при его наличии) либо библиографические данные, то патентообладатель в течение трех месяцев с даты отправления уведомления подает ходатайство о внесении изменений и дополнений. При этом срок рассмотрения ходатайства приостанавливается до внесения соответствующих изменений.

      16. При неуплате ежегодной пошлины за поддержание в силе патента на промышленный образец в соответствии с пунктом 15 статьи 11 Патентного закона продление срока действия патента утрачивает силу, и действие Приложения к патенту прекращается.