Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.07.2016 № 354 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 33-бабының 5-1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысаны бекітілсін.
2. "Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органымен берілетін нұсқаманың үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 2 тамыздағы № 299 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4331 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | С. Нокин |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 5 наурыздағы № 78 бұйрығына 1-қосымша |
Нысан
Инпсекциялау нәтижелері бойынша анықтама
20__жылғы "__" ____________ _______________________
(қала, облыс, аудан)
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)
____________________________________________________________________
(инспекциялау жүргізген мемлекеттік құрылыс инспекторының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)
Тапсырыс беруші ______________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның
атауы, мекенжайы және телефоны)
Бас мердігер ____________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның
атауы, мекенжайы және телефоны)
Қосалқы мердігер _______________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның
атауы, мекенжайы және телефоны)
Объектіге барған кезде мынадай жұмыстар жүргізіліп жатты:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ақаулар (қажетінің астын сызу):
анықталды. Қоса беріліп отырған анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілердің ведомосінде көрсетілді;
анықталған жоқ.
Мемлекеттік құрылыс инспекторы __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Тапсырыс беруші __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мердігер __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Анықтама 3 (үш) данада ресімделді.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 5 наурыздағы № 78 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектінің ведомосі
(20__жылғы "__" ____________ инспекциялау нәтижелері
бойынша анықтамаға қосымша)
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)
№ р/с | Анықталған ақаулардың сипаттамасы |
1. | 2. |
Мемлекеттік құрылыс инспекторы __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Тапсырыс беруші __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мердігер __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Ведомость 3 (үш) данада ресімделді.