"Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 77-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7531 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.05.2018 № 193 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6553 тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Г. Әбдіқалықова


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 77-ө-м бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 319-ө бұйрығымен
бекітілген

Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі

      1. Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу кезінде кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеуге арналған.

      2. Кадрлардағы жергілікті қамту санаттар бойынша келісім шартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы жергілікті қамтудың пайыздық мәнін айқындау негізінде белгіленеді.

      3. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:

      1) бірінші санат - басқарушы құрам;

      2) екінші санат - жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар;

      3) үшінші санат - білікті жұмысшылар.

      Бірінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың (директор, басқарма және төраға мүшелері) ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кіретін адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметін басқаруды, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар (басқарушы, орындаушы, қаржы және коммерциялық директорлары) жатады.

      Екінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлімшелерін басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы білімі және жұмыс дағдысы, тәжірибесі бар қызметкерлер жатады.

      Үшінші санатқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125 бабында көзделген білікті талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.

      4. Тиісті санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:

      h = VKC х 100%

      Vo

      мұндағы

      - VKC - тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;

      - Vo - келісімшартты орындауға жұмылдырылған тиісті санаттағы персоналдың жалпы саны.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-е "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 марта 2012 года № 77-ө-м. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 апреля 2012 года № 7531. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 193 (вводится в действие с 29.06.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 18.05.2018 № 193 (вводится в действие с 29.06.2018).

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-е "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6553, опубликованный в "Егемен Қазақстан" от 9 ноября 2010 года № 461-468) следующие изменения:

      заголовок вышеуказанного приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил исчисления минимального местного содержания в кадрах";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила исчисления минимального местного содержания в кадрах.";

      Правила исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах, утвержденные указанным приказом, изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту занятости населения (Аргандыков Д.Р.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Г. Абдыкаликова


  Приложение
к приказу Министра труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 7 марта 2012 года № 77-ө-м
Утверждены
приказом Министра труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 27 сентября 2010 года 319-ө

Правила исчисления минимального местного содержания в кадрах

      1. Настоящие Правила исчисления минимального местного содержания в кадрах разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" и предназначены для исчисления минимального местного содержания в кадрах при проведении конкурсов на предоставление права недропользования.

      2. Местное содержание в кадрах устанавливается на основе определения значений процентного содержания казахстанских кадров в общей численности персонала, задействованного при исполнении контракта, по категориям.

      3. Процентное содержание казахстанских кадров определяется по следующим категориям:

      1) первая категория - руководящий состав;

      2) вторая категория - специалисты с высшим и средним профессиональным образованием;

      3) третья категория - квалифицированные рабочие.

      К первой категории относятся лица, входящие в состав исполнительного органа, осуществляющего управление текущей деятельностью недропользователя и (или) оператора (директор, председатель и члены правления), их заместители, руководители филиалов, а также лица, занимающие должности недропользователя и (или) оператора, непосредственно осуществляющие управление отдельными направлениями деятельности недропользователя и (или) оператора, включая координацию и контроль деятельности структурных подразделений (управляющие, исполнительные, финансовые и коммерческие директора).

      Ко второй категории относятся работники, возглавляющие структурные подразделения недропользователя и (или) оператора и осуществляющие непосредственное руководство процессами деятельности недропользователя, а также работники, состоящие в штате недропользователя и (или) оператора, обладающие специальными знаниями и навыками, опытом работы.

      К третьей категории относятся квалифицированные рабочие, соответствующие квалификационным требованиям предусмотренные статьей 125 Трудового кодекса Республики Казахстан.

      4. Процентное содержание казахстанских кадров по соответствующим категориям, определяется по следующей формуле:

      VKC

      h = ----- x 100 %, где

      Vo

      - VKC - численность казахстанских кадров соответствующей категории;

      - Vo - общая численность персонала соответствующей категории, задействованного при исполнении контракта.