Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 69 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7572 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 124 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан қор биржасы" АҚ және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г.Марченко


  Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 69 қаулысымен
бекітілген

Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік
ақпаратты ашу қағидалары

      Осы Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты ашу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және эмитент қызметіне қатысты және жалпы қол жетімді болып табылмайтын егер осы ақпарат эмитенттің мүліктік және қаржылық жағдайының салдарларына байланысты осы эмитент шығарған (ұсынған) бағалы қағаздардың (туынды қаржы құралдарының) құнына әсер етуге қабілетті болса, ақпаратты ашудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.

      Осы Қағидалар Заңның 56-1-бабына сәйкес осы эмитенттердің инсайдерлері болып танылған эмитенттер мен тұлғаларға қолданылады.

      1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары - сауда-саттықты ұйымдастырушының Директорлар кеңесімен бекітілген және қор биржасының сауда жүйесіне немесе биржадан тысқары бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесіне айналысқа жіберген қаржы құралдарымен мәміле жасау кезінде сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерінің қызметін, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелері (клиенттері) арасында туындаған арақатынастарды реттейтін уәкілетті органмен келісілген сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаты;

      2. ішкі бақылау қағидалары - Заңның 56-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және эмитенттің басқару органы бекіткен эмитенттің ішкі құжаттары;

      3) инсайдерлер тізімі - жүргізуді эмитент жүзеге асыратын эмитенттің инсайдерлік ақпаратына рұқсат берілген, Заңның 56-1-бабының 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тізімі;

      4) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жүзеге асыратын тұлға;

      5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Инсайдерлік ақпаратты ашу Заңның 56-1-бабында, Қағидаларда және эмитенттің ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіпте және талаптарда жүзеге асырылады.

      3. Эмитенттің инсайдерлік ақпаратын басқару және пайдалану бөлігінде ішкі бақылау қағидалары эмитенттің интернет-ресурсында немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының интернет-ресурсында (сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінде эмитенттің бағалы қағаздарын енгізген және сонда тұрған жағдайда) осы эмитенттің инсайдерлері болып танылған тұлғалардың көзіне түсетін қол жетімді жерге мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ осы тұлғаларға олардың сұрау салулары бойынша беріледі.

      4. Заңның 102-бабының 2-тармағында көрсетілген эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделері қозғалатын оның қызметіндегі өзгерістер туралы инсайдерлік ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылады және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      5. Тізбесі "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 79-бабының 1-тармағында белгіленген эмитенттің - акционерлік қоғамның корпоративті оқиғалары туралы инсайдерлік ақпарат қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 79-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде орналастырылады.

      6. Инсайдерлік ақпаратты ашу интернет-ресурста орналастыру және (немесе) кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылатын, мерзімді баспа басылымдарында барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық түрде қол жетімді етіп жариялау арқылы жүзеге асырылады.

      Эмитенттің бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне енгізген кезде эмитент және осы эмитенттің инсайдерлер тізіміне енгізілген тұлғалары эмитент және осы бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) сауда-саттық басталғанға дейін сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларымен белгіленген тәртіпте және талаптарда олардың құнының және эмитенттер қызметінің өзгеруіне әсер етуі мүмкін олар шығарған (ұсынған) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді.

      7. Шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін, қор биржаларының сауда жүйелерінде сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне енгізілген бағалы қағаздардың айналысы кезінде инсайдерлік ақпараты мынадай тәсілдердің бірі арқылы ашылуы тиіс:

      1) инсайдерлік ақпарат тұлғалардың кең ауқымы аясында ашу болжанатын хабарламалар тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары енгізілген барлық қор биржаларының атына бір мезгілде жіберіледі, содан кейін тізбесі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен анықталған өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады (таратылады);

      2) инсайдерлік ақпарат тұлғалардың кең ауқымы аясында ашу болжанатын хабарламалар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының атына жіберіледі, содан кейін тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары енгізілген шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының атына жіберіледі және тізбесі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен анықталған өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады (таратылады).

      8. Инсайдерлік ақпарат ашу үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен айқындалады және онда мынадай мәліметтер болады:

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы;

      2) баспа басылымының кезеңділігі;

      3) интернет-ресурстарға хабарласу адрестері;

      4) кез келген мүдделі тұлғалардың қол жетімділігіне мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралы туралы өзге де мәліметтер.

      9. Эмитент ішкі бақылау қағидалардың көшірмелеріне оны дайындауға шығындардың шегінен аспайтын мөлшерде төлем жасауды қоспағанда, ішкі бақылау қағидалармен ақысыз еркін танысуға рұқсат беруді қамтамасыз етеді.

      10. Инсайдерлік ақпаратты эмитенттің ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тізбеге кіретін бұқаралық ақпарат құралдарында ашу жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларына қатысты ашу мерзімі көрсетілмеген инсайдерлік ақпаратты ашу мерзімі эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен белгіленеді.

      Инсайдерлік ақпаратты эмитенттің ішкі бақылау қағидалармен белгіленген бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (жариялау) арқылы ашқан кезде инсайдерлік ақпаратты ашу күні бұқаралық ақпарат құралдарында инсайдерлік ақпаратты алғашқы орналастыру (жариялау) күні болып есептеледі.

      12. Эмитенттің инсайдерлер тізімін эмитент уәкілетті органға оның талап етуі бойынша, талап етуде көрсетілген мерзімде эмитенттің инсайдерлік ақпаратқа кіруге рұқсаты бар тұлғалар туралы бар ақпаратын көрсете отырып, мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда ұсынады:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты (бар болса - әкесінің аты), туған күні;

      2) заңды тұлғаның атауы, оның мекенжайы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат деректемелері;

      3) инсайдерлер тізіміне енгізу негіздері;

      4) инсайдерлер тізіміне енгізу үшін негіздің пайда болған күні;

      5) инсайдерлер тізімінен алып тастау күні;

Об утверждении Правил раскрытия инсайдерской информации на рынке ценных бумаг

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 69. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2012 года № 7572. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 26.07.2019 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и финансовых организаций в части минимизации рисков" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила раскрытия инсайдерской информации на рынке ценных бумаг.

      2. АО "Казахстанская фондовая биржа" и эмитентам негосударственных эмиссионных ценных бумаг в срок до 1 июля 2012 года привести свои внутренние документы в соответствие с настоящим постановлением.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 24 февраля 2012 года № 69

Правила раскрытия инсайдерской информации на рынке ценных бумаг

      Настоящие Правила раскрытия инсайдерской информации на рынке ценных бумаг (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" (далее - Закон) и устанавливают порядок и условия раскрытия информации, касающейся деятельности эмитента и не являющейся общедоступной, если эта информация в связи с последствиями для имущественного и финансового положения эмитента способна оказать влияние на стоимость выпущенных (предоставленных) данным эмитентом ценных бумаг (производных финансовых инструментов).

      Действие Правил распространяется на эмитентов и лиц, признанных инсайдерами данных эмитентов в соответствии со статьей 56-1 Закона.

      1. Для целей Правил используются следующие понятия:

      1) правила организатора торгов - внутренний документ организатора торгов, утвержденный советом директоров организатора торгов и согласованный с уполномоченным органом, регулирующий деятельность членов организатора торгов при совершении сделок с финансовыми инструментами, допущенными к обращению в торговой системе фондовой биржи или системе обмена котировками котировочной организации внебиржевого рынка ценных бумаг, а также отношения, возникающие между организатором торгов и его членами (клиентами);

      2) правила внутреннего контроля - внутренние документы эмитента, разработанные в соответствии с пунктом 1 статьи 56-1 Закона и утвержденные органом управления эмитента;

      3) список инсайдеров - список лиц, указанных в подпунктах 1), 2), 3) и 4) пункта 3 статьи 56-1 Закона, обладающих доступом к инсайдерской информации эмитента, ведение которого осуществляется эмитентом;

      4) эмитент - лицо, осуществляющее выпуск эмиссионных ценных бумаг;

      5) уполномоченный орган – Национальный Банк Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 250 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Раскрытие инсайдерской информации осуществляется в порядке и на условиях, установленных статьей 56-1 Закона, Правилами и правилами внутреннего контроля эмитента.

      3. Правила внутреннего контроля эмитента в части распоряжения и использования инсайдерской информации размещаются эмитентом на государственном и русском языках на интернет-ресурсе эмитента (при его наличии) или интернет-ресурсе организатора торгов (в случае включения и нахождения ценных бумаг эмитента в списке организатора торгов), либо в месте, доступном для обозрения лицами, признанными инсайдерами данного эмитента, а также предоставляются данным лицам по их запросу.

      4. Инсайдерская информация об изменениях в деятельности эмитента, затрагивающих интересы держателей его ценных бумаг, указанная в пункте 2 статьи 102 Закона, размещается на интернет-ресурсе депозитария финансовой отчетности, определенного в соответствии с законодательством Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности (далее - депозитарий финансовой отчетности), и публикуется в средствах массовой информации в течение пятнадцати календарных дней с даты возникновения таких изменений.

      5. Инсайдерская информация о корпоративных событиях эмитента - акционерного общества, перечень которых определен пунктом 1 статьи 79 Закона Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах", размещается на интернет-ресурсе депозитария финансовой отчетности в сроки, установленные пунктом 3 статьи 79 Закона Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах".

      6. Раскрытие инсайдерской информации осуществляется посредством ее размещения на интернет - ресурсе и (или) опубликования в периодических печатных изданиях, выпускаемых тиражом не менее пятнадцати тысяч экземпляров и распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на государственном и русском языках в открытом доступе для всех заинтересованных лиц.

      При включении ценных бумаг эмитента в список организатора торгов эмитент и лица, включенные в список инсайдеров данного эмитента, обеспечивают раскрытие инсайдерской информации об эмитенте и выпущенных (предоставленных) им ценных бумагах (производных финансовых инструментах), раскрытие которой повлияет на изменение их стоимости и на деятельность их эмитента, до начала торгов данными ценными бумагами (производными финансовыми инструментами) в порядке и на условиях, установленных правилами организатора торгов.

      7. При обращении ценных бумаг, включенных в список организатора торгов, в торговых системах фондовых бирж, функционирующих на территории иностранных государств, инсайдерская информация подлежит раскрытию одним из следующих способов:

      1) сообщения, предполагающие раскрытие инсайдерской информации среди широкого круга лиц, направляются одновременно в адрес всех фондовых бирж, в списки которых включены ценные бумаги эмитента, после чего размещаются (распространяются) в иных средствах массовой информации, перечень которых определен правилами внутреннего контроля эмитента;

      2) сообщения, предполагающие раскрытие инсайдерской информации среди широкого круга лиц, направляются в адрес фондовой биржи, функционирующей на территории Республики Казахстан, после чего направляются в адрес фондовых бирж, функционирующих на территории иностранных государств, в списках которых включены ценные бумаги эмитента и размещаются (распространяются) в иных средствах массовой информации, перечень которых определен правилами внутреннего контроля эмитента.

      8. Перечень средств массовой информации, используемых для раскрытия инсайдерской информации, устанавливается правилами внутреннего контроля эмитента и содержит сведения о (об):

      1) наименовании средства массовой информации;

      2) периодичности печатного издания;

      3) адресах обращения к интернет - ресурсам;

      4) иных сведениях о средстве массовой информации, позволяющих любым заинтересованным лицам получить к нему доступ.

      9. Эмитент обеспечивает свободный доступ к ознакомлению с правилами внутреннего контроля без взимания платы, за исключением платы за предоставление копий правил внутреннего контроля в размере, не превышающем величину расходов на их изготовление.

      10. Раскрытие инсайдерской информации осуществляется в средствах массовой информации, входящих в перечень, установленный правилами внутреннего контроля эмитента.

      11. Сроки раскрытия инсайдерской информации, в отношении которой законодательными актами Республики Казахстани (или) правилами организатора торгов не определены сроки раскрытия, устанавливаются правилами внутреннего контроля эмитента.

      При раскрытии инсайдерской информации путем ее размещения (опубликования) в нескольких средствах массовой информации, установленных правилами внутреннего контроля эмитента, датой раскрытия инсайдерской информации считается дата первого размещения (опубликования) инсайдерской информации в средстве массовой информации.

      12. Список инсайдеров эмитента представляется эмитентом уполномоченному органу по его требованию в сроки, указанные в требовании, с указанием информации о лицах, имеющих доступ к инсайдерской информации эмитента, включая информацию о (об):

      1) фамилии, имени (при наличии - отчестве)физического лица, дате его рождения;

      2) наименовании юридического лица, его месте нахождения, реквизитах документа, подтверждающего государственную регистрацию (перерегистрацию) юридического лица;

      3) основании включения в список инсайдеров;

      4) дате возникновения основания для включения в список инсайдеров;

      5) дате исключения из списка инсайдеров.