Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 53 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7576 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамы:

      1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне келісуге ұсынсын;

      2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау-тапсыру кестесін (бұдан әрі - Кесте) ұсынсын.

      4. "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамы және Тіркеушілер:

      1) Кестеде көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) Кестеде көзделген эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кестеде көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне ұсынсын.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 53 қаулысымен бекітілген

Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың
бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар
тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру
қағидалары

      1. Осы Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

      2) бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы – бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаты;

      3) орталық депозитарий қағидаларының жинағы – орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген орталық депозитарийдің ішкі құжаты;

      4) тіркеуші – бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензиясы негізінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      5) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын, тіркеушімен бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу шартын жасасқан тұлға, сондай-ақ тіркеушімен шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізуге немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізуге шарт жасасқан тұлға;

      6) эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттар – тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) (бұдан әрі – № 62 нұсқаулық) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың 5, 6, 7, 8, 63 және 67-тармақтарында көзделген, қағаз және электронды тасымалдағыштардағы, сақтау мерзімдері аяқталмаған, тіркеушінің қолында бар барлық мәліметтер мен құжаттар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру осы Қағидаларда және бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында белгіленген тәртіппен, бірыңғай тіркеуші бекіткен және уәкілетті органмен келісілген Мәліметтер мен құжаттарды қабылдау–тапсыру кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүргізіледі.

      4. Бірыңғай тіркеуші осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей тіркеушілерге Кесте жасау үшін қажетті ақпарат ұсыну туралы сұрау салулар жібереді. Бірыңғай тіркеушінің сұрау салуының нысаны мен мазмұны бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

      Тіркеушілер бірыңғай тіркеушінің сұрау салуын алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей бірыңғай тіркеушіге Кесте жасау үшін қажетті ақпарат жібереді.

      5. Бірыңғай тіркеуші Кестені бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында көзделген нысан бойынша жасайды және онда мыналар:

      1) оның бекітілген және уәкілетті органмен келісілген күндері;

      2) бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беретін тіркеушілердің атаулары;

      3) тіркеушілердің бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларының берілген күндері мен нөмірлері;

      4) тіркеушілердің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімдерінің басталу және аяқталу күндері;

      5) тіркеуші эмитенттермен шарттарды бұзуға және бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беруге байланысты барлық қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілетті еткен тіркеушінің басшы қызметкерінің (басшы қызметкерлерінің) тегі (тектері), аты (аттары), бар болса – әкесінің аты (әкелерінің аттары), жеке куәлігінің (куәліктерінің) деректемелері және атқаратын қызметі (қызметтері);

      6) тіркеушілердің мәліметтері мен құжаттары бірыңғай тіркеушіге берілетін эмитенттермен шарттарды жасау күндері;

      7) мәліметтері мен құжаттары бірыңғай тіркеушіге берілетін эмитенттердің толық ресми атауы, тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тіркеушілер жүзеге асырған көрсетілген эмитенттердің бағалы қағаздарының түрлері мен ұлттық сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпарат қамтылады.

      Кестеге кіргізілетін қосымша ақпарат тізбесі бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

      6. Кестеге бірыңғай тіркеушінің бірінші басшысы қол қояды, ол бірыңғай тіркеушінің мөр бедерлемесімен куәландырылады және бекітілгеннен кейін келісуге уәкілетті органның атына жіберіледі.

      Уәкілетті орган Кестені алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган Кестені келіскен жағдайда тіркеуші мен тіркеушілер оны іске асыруға кіріседі, уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда бірыңғай тіркеуші уәкілетті органға уәкілетті органның Кестені қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген Кестені ұсынады.

      7. Бірыңғай тіркеуші мен тіркеушілер тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімі басталған күнге дейін он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қағаз және электронды тасымалдағыштарда эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың тіркеушілерден бірыңғай тіркеушіге берілуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру және технологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

      8. Тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру жөніндегі іс-шараларды уақтылы орындау мақсатында тіркеушінің эмитентпен жасаған шартын бұзу тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімі басталған күнге дейін, бірақ көрсетілген күнге дейін жеті күнтізбелік күннен бұрын емес жүзеге асырылады.

      Егер тіркеуші эмитентке осы эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың бірыңғай тіркеушіге берілу себебімен тіркеушімен жасалған шартты бұзу қажеттігі туралы хабарламаны жіберген күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң эмитент тіркеушіге шартты бұзуға дайын екендігі туралы хабарламаса, тіркеуші шартты бір жақты тәртіппен бұзады және Мәліметтер мен құжаттарды қабылдау–тапсыру кестесінде көзделген мерзімдерде бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беруді жүзеге асырады.

      9. Тіркеушілер тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімі басталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың санын өзінің есепке алу деректерін жүргізілуін орталық депозитарий жүзеге асыратын жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен алдын ала салыстырып тексеруді жүргізеді.

      Салыстырып тексеру № 62 нұсқаулықтың 5-тарауында көзделген тәртіппен салыстырып тексеруді жүргізу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады."

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Тіркеуші бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағыштарда беруді мыналардың:

      1) тіркеушінің және бірыңғай тіркеушінің бірінші басшылары қол қойған, олардың мөрлерімен куәландырылған қабылдау–тапсыру актісінің;

      2) тіркеуші мен эмитенттің арасында жасалған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуге арналған шартты бұзу күнінде жасалған, тіркеушінің және орталық депозитарийдің бірінші басшылары қол қойған, олардың мөрлерімен куәландырылған тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың санын өзінің есепке алу деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеру актісінің негізінде жүзеге асырады.

      11. Егер осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің деректері жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен сәйкес келмесе, салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті өкілдері сәйкессіздіктің толық себебі көрсетілетін сәйкессіздік актісіне қол қою арқылы деректердің сәйкессіздігін растайды.

      Сәйкессіздік актісі ресімделгеннен кейін салыстырып тексеруді жүзеге асырған тараптар сәйкессіздік актісін жасаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің деректері жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен сәйкессіздігі расталғаннан кейін бірыңғай тіркеуші жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерін басшылыққа ала отырып, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін қалыптастырады.

      12. Тіркеушілер мен бірыңғай тіркеушінің арасындағы эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау–тапсыру актілерінің мазмұны және оларды ресімдеу тәртібі бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

      Тіркеушілер мен орталық депозитарийдің арасындағы салыстырып тексеру актілерінің мазмұны және оларды ресімдеу тәртібі орталық депозитарий қағидаларының жинағында айқындалады.

      13. Эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау–тапсыру актісіне тараптар қол қойған күн көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды бірыңғай тіркеушіге беру аяқталған күн болып табылады.

      14. Тіркеушілер бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттарды беру күнінде сақталу мерзімі аяқталмаған (бағалы қағаздар ұстаушы осындай болмай қалған күннен бастап немесе тіркеуші мен эмитенттің арасында жасалған шартты бұзу күнінен бастап есептеледі) мынадай құжаттарды:

      1) операциялар жүргізу бұйрықтарын;

      2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептерді (бар болса);

      3) бұйрықтарды орындаудан бас тартуларды;

      4) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген құжаттарды;

      5) тіркеуші эмитенттен (бұрынғы тіркеушіден) алған және тіркеуші эмитентке эмитентпен шарт жасау кезінде, сондай-ақ эмитентпен шарттың қолданылу кезеңінде жіберген құжаттарды;

      6) операцияларды тіркеу журналын;

      7) келіп түсетін құжаттарды тіркеу журналын;

      8) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналын;

      9) сенімхаттарды есепке алу журналын;

      10) шығыс құжаттарын тіркеу журналын;

      11) мұрағат жүргізу журналын;

      12) тіркеуші бұрынғы тіркеушіден немесе эмитенттен алған бағалы қағаздар ұстаушыларының бастапқы тізілімін және бұрынғы тіркеушілер эмитентпен шарттарды бұзу күнінде жасаған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдерін (егер бұл құжаттар қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда);

      13) тіркеуші эмитентпен шартты бұзу күнінде қалыптастырған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін;

      14) қағаз тасымалдағыштарда берілуі бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында белгіленген құжаттарды қағаз тасымалдағыштарда береді.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген, тіркеуші эмитентпен шарттың қолданылу кезеңінде түпнұсқаларда алған құжаттар бірыңғай тіркеушіге түпнұсқаларда беріледі.

      16. Бірыңғай тіркеушіге берілетін қағаз тасымалдауыштағы құжаттар баулықтанады, нөмірленеді және соңғы парақта қағаз пломбамен бекітіледі, оған мөр бедерлемесі қойылады, оның бір бөлігі қағаз пломбада, ал бір бөлігі тіркеушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылған парақта болуы тиіс.

      17. Тіркеушілердің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтерді электрондық тасымалдағыштарда беру форматы мен тәсілі, сондай-ақ электрондық тасымалдағыштарға қойылатын талаптар бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады.

      18. Бірыңғай тіркеуші осы Қағидаларда және бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында көзделген эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау–тапсыру тәртібі мен мерзімдері бұзылған барлық жағдайлар туралы уәкілетті органды бірыңғай тіркеуші бұзушылықты анықтаған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      19. Бірыңғай тіркеушінің эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды Кестеде айқындалған қабылдау–тапсыру кезеңінде бірыңғай тіркеуші мен эмитенттің арасында шарт жасамай-ақ қабылдауына жол беріледі.

      20. Бірыңғай тіркеуші № 62 нұсқаулықта белгіленген тәртіппен тіркеуші және (немесе) орталық депозитарий ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      21. Тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беруі аяқталған күннен кейін тіркеуші бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайды.

      22. Тіркеушілер мен бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлері Кестеде көзделген эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау–тапсыру мерзімдерінің орындалуын, сондай-ақ көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың тіркеушілерден бірыңғай тіркеушіге қабылдау–тапсыру барысында сақталуын қамтамасыз етеді.

Об утверждении Правил передачи организациями, обладающими лицензиями на осуществление деятельности по ведению системы реестров держателей ценных бумаг, единому регистратору сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 53. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 апреля 2012 года № 7576. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 августа 2016 года № 183

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 08.08.2016 № 183.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и финансовых организаций в части минимизации рисков" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи организациями, обладающими лицензиями на осуществление деятельности по ведению системы реестров держателей ценных бумаг, единому регистратору сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов (далее - Правила).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      3. Акционерному обществу "Единый регистратор ценных бумаг":

      1) не позднее тридцати календарных дней с даты введения в действие настоящего постановления привести свои внутренние документы в соответствие с требованиями настоящего постановления и представить их на согласование в Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан;

      2) не позднее шестидесяти календарных дней с даты введения в действие настоящего постановления представить в Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан график приема-передачи единому регистратору организациями, обладающими лицензиями на осуществление деятельности по ведению системы реестров держателей ценных бумаг, сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов (далее - График), составленный в соответствии с требованиями Правил.

      4. Акционерному обществу "Единый регистратор ценных бумаг" и Регистраторам:

      1) обеспечить выполнение мероприятий, предусмотренных Графиком;

      2) не позднее трех рабочих дней по истечении предусмотренного Графиком срока передачи сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, представить отчет о реализации мероприятий, предусмотренных Графиком, в Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан.

      Председатель

Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 24 февраля 2012 года № 53

Правила
передачи организациями, обладающими лицензиями на осуществление
деятельности по ведению системы реестров держателей ценных
бумаг, единому регистратору сведений и документов,
составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов

      1. Настоящие Правила передачи организациями, обладающими лицензиями на осуществление деятельности по ведению системы реестров держателей ценных бумаг, единому регистратору сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и финансовых организаций в части минимизации рисков" и устанавливают порядок передачи единому регистратору сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов.

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие понятия:

      1) единый регистратор - специализированная некоммерческая организация, созданная в организационно-правовой форме акционерного общества, более пятидесяти процентов голосующих акций которой принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан, осуществляющая деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг;

      2) свод правил единого регистратора - внутренний документ единого регистратора, определяющий взаимоотношения единого регистратора с субъектами рынка ценных бумаг, утвержденный советом директоров единого регистратора и согласованный с Комитетом по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан (далее - уполномоченный орган);

      3) свод правил центрального депозитария - внутренний документ центрального депозитария, определяющий взаимоотношения центрального депозитария с субъектами рынка ценных бумаг, утвержденный советом директоров центрального депозитария и согласованный с уполномоченным органом;

      4) регистратор - профессиональный участник рынка ценных бумаг, осуществляющий формирование, хранение и ведение системы реестров держателей ценных бумаг на основании лицензии на осуществление деятельности по ведению системы реестров держателей ценных бумаг;

      5) эмитент - лицо, осуществляющее выпуск эмиссионных ценных бумаг, заключившее договор с регистратором на ведение системы реестров держателей ценных бумаг, а также лицо, заключившее договор с регистратором на ведение реестра участников хозяйственного товарищества или на ведение системы реестров держателей паев паевого инвестиционного фонда;

      6) сведения и документы, составляющие систему реестров держателей ценных бумаг эмитента - все имеющиеся у регистратора сведения и документы, перечень которых предусмотрен пунктами 5, 6, 7, 8, 63 и 67 Инструкции по ведению системы реестров держателей ценных бумаг, утвержденных постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 62 (зарегистрированных в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4175) (далее - Инструкция № 62), на бумажных и электронных носителях, срок хранения которых не истек.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 24.08.2012 № 276 (вводится в действие с 01.08.2012).

      3. Передача сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, ведение которых осуществляется регистраторами, производится в порядке, установленном настоящими Правилами и сводом правил единого регистратора, в соответствии с Графиком приема–передачи сведений и документов, утвержденным единым регистратором и согласованным с уполномоченным органом (далее – График).

      4. Единый регистратор не позднее пятнадцати календарных дней с даты введения в действие настоящих Правил направляет запросы регистраторам о представлении информации, необходимой для составления Графика. Форма и содержание запроса единого регистратора определяется сводом правил единого регистратора.

      Регистраторы не позднее тридцати календарных дней с даты получения запроса единого регистратора направляют единому регистратору информацию, необходимую для составления Графика.

      5. График составляется единым регистратором по форме, предусмотренной сводом правил единого регистратора, и содержит информацию о (об):

      1) датах его утверждения и согласования с уполномоченным органом;

      2) наименовании регистраторов, передающих единому регистратору сведения и документы, составляющие систему реестров держателей ценных бумаг эмитентов;

      3) датах выдачи и номерах лицензий регистраторов на осуществление деятельности по ведению системы реестров держателей ценных бумаг;

      4) датах начала и окончания сроков передачи регистраторами единому регистратору сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов;

      5) фамилии (фамилиях), имени (именах), при наличии отчества (отчествах), реквизитах удостоверения (удостоверений) личности и занимаемой (занимаемых) должности (должностях) руководящего работника (руководящих работников) регистратора, уполномоченного (уполномоченных) регистратором осуществлять все необходимые действия, связанные с расторжением договоров с эмитентами и передачей сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, единому регистратору;

      6) датах заключения регистраторами договоров с эмитентами, сведения и документы, которых передаются единому регистратору;

      7) полном официальном наименовании эмитентов, сведения и документы, которых передаются единому регистратору, видах и национальных идентификационных номерах ценных бумаг указанных эмитентов, ведение системы реестров которых осуществлялось регистраторами.

      Перечень дополнительной информации, включаемой в График, определяется сводом правил единого регистратора.

      6. График подписывается первым руководителем единого регистратора, заверяется оттиском печати единого регистратора и, после его утверждения, направляется в адрес уполномоченного органа для согласования.

      Уполномоченный орган рассматривает График в течение десяти рабочих дней с даты его получения. При согласовании уполномоченным органом Графика единый регистратор и регистраторы приступают к его реализации, при получении замечаний уполномоченного органа единый регистратор представляет в уполномоченный орган откорректированный График не позднее пяти рабочих дней с даты получения письма уполномоченного органа о результатах рассмотрения Графика.

      7. Единый регистратор и регистраторы обеспечивают выполнение организационных и технологических условий для обеспечения передачи на бумажном и электронном носителях сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, от регистраторов единому регистратору в срок не позднее десяти рабочих дней до даты начала срока передачи регистратором единому регистратору сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов.

      8. В целях своевременного исполнения мероприятий по передаче регистратором единому регистратору сведений и документов, составляющих систему реестров держателей ценных бумаг эмитента, расторжение договора, заключенного регистратором с эмитентом, осуществляется до даты начала срока передачи регистратором единому регистратору сведений и документов, составляющих систему реестров держателей ценных бумаг эмитента, но не ранее, чем за семь календарных дней до указанной даты.

      Если по истечении тридцати календарных дней с даты направления регистратором уведомления эмитенту о необходимости расторжения договора с регистратором по причине передачи сведений и документов, составляющих систему реестров держателей ценных бумаг данного эмитента, единому регистратору, эмитент не сообщает регистратору о готовности расторгнуть договор, регистратор расторгает договор в одностороннем порядке и осуществляет передачу сведений и документов, составляющих систему реестров держателей ценных бумаг эмитента, единому регистратору в сроки, предусмотренные Графиком приема–передачи сведений и документов.

      9. Не позднее трех рабочих дней до даты начала срока передачи регистратором единому регистратору сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, регистраторы проводят предварительную сверку данных собственного учета количества эмиссионных ценных бумаг, находящихся на лицевых счетах, открытых в системе реестров, с данными единой системы лицевых счетов, ведение которой осуществляется центральным депозитарием.

      Сверка осуществляется по состоянию на последний рабочий день, предшествующий дате проведения сверки, в порядке, предусмотренном

      главой 5 Инструкции № 62.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 24.08.2012 № 276 (вводится в действие с 01.08.2012).

      10. Передача сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, осуществляется регистратором единому регистратору на бумажном и электронном носителях на основании:

      1) акта приема – передачи, подписанного первыми руководителями регистратора и единого регистратора, заверенными их печатями;

      2) акта сверки данных собственного учета количества эмиссионных ценных бумаг, находящихся на лицевых счетах, открытых в системе реестров, с данными единой системы лицевых счетов, ведение которой осуществляется центральным депозитарием, составленного на дату расторжения договора, заключенного между регистратором и эмитентом, подписанного первыми руководителями регистратора и центрального депозитария, заверенными их печатями.

      11. Если по результатам сверки, осуществляемой в соответствии с подпунктом 2) пункта 10 настоящих Правил, данные системы реестров держателей ценных бумаг не соответствуют данным единой системы лицевых счетов, уполномоченные представители сторон, осуществляющих сверку, подтверждают несоответствие данных путем подписания акта несоответствия, в котором указывается подробная причина несоответствия.

      После оформления акта несоответствия стороны, осуществлявшие сверку, в течение одного рабочего дня с даты составления акта несоответствия уведомляют об этом уполномоченный орган.

      После подтверждения несоответствия данных системы реестров держателей ценных бумаг данным единой системы лицевых счетов единый регистратор формирует систему реестров держателей ценных бумаг, руководствуясь данными единой системы лицевых счетов.

      12. Содержание и порядок оформления актов приема – передачи сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, между регистраторами и единым регистратором определяются сводом правил единого регистратора.

      Содержание и порядок оформления актов сверки между регистраторами и центральным депозитарием определяются сводом правил центрального депозитария.

      13. Дата подписания сторонами акта приема – передачи сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, является датой окончания передачи указанных сведений и документов единому регистратору.

      14. Регистраторы передают единому регистратору на бумажных носителях следующие документы, составляющие систему реестров держателей ценных бумаг эмитентов, срок хранения которых не истек на дату их передачи единому регистратору (срок исчисляется с даты, когда держатель ценных бумаг перестал быть таковым или с даты расторжения договора, заключенного между регистратором и эмитентом):

      1) приказы на проведение операций;

      2) отчеты об исполнении приказов (при наличии);

      3) отказы от исполнения приказов;

      4) документы, на основании которых проводились операции в системе реестров;

      5) документы, полученные регистратором от эмитента (прежнего регистратора) и направленные регистратором эмитенту при заключении договора с эмитентом, а также в период действия договора с эмитентом;

      6) журнал регистрации операций;

      7) журнал регистрации входящих документов;

      8) журнал учета приказов эмитентов и зарегистрированных лиц;

      9) журнал учета доверенностей;

      10) журнал регистрации исходящих документов;

      11) журнал ведения архива;

      12) исходный реестр держателей ценных бумаг, полученный регистратором от прежнего регистратора или эмитента, и реестры держателей ценных бумаг, составленные прежними регистраторами на дату расторжения договоров с эмитентом (в случае, если данные документы были переданы на бумажном носителе);

      13) реестр держателей ценных бумаг, сформированный регистратором на дату расторжения договора с эмитентом;

      14) документы, предоставление которых на бумажных носителях установлено сводом правил единого регистратора.

      15. Документы, указанные в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 12) и 13)пункта 14 настоящих Правил, которые были получены регистратором в период действия договора с эмитентом в оригиналах, передаются единому регистратору в оригиналах.

      16. Передаваемые единому регистратору документы на бумажном носителе прошнуровываются, пронумеровываются и скрепляются на последнем листе бумажной пломбой, на которой ставится оттиск печати, часть которой должна быть на бумажной пломбе, а часть – на листе, подписанной первым руководителем или уполномоченным должностным лицом регистратора.

      17. Формат и способ передачи регистраторами сведений, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, единому регистратору на электронных носителях, а также требования к электронным носителям определяются сводом правил единого регистратора.

      18. Единый регистратор уведомляет уполномоченный орган обо всех случаях нарушения порядка и сроков приема – передачи сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, предусмотренных настоящими Правилами и сводом правил единого регистратора, не позднее рабочего дня, следующего за днем выявления единым регистратором нарушения.

      19. Допускается принятие единым регистратором сведений и документов, составляющих систему реестров держателей ценных бумаг эмитента, без заключения договора между единым регистратором и эмитентом в период приема-передачи указанных сведений и документов, определенный Графиком.

      20. Единый регистратор осуществляет действия по формированию системы реестров держателей ценных бумаг эмитента на основании сведений и документов, представленных регистратором и (или) центральным депозитарием в порядке, установленном Инструкцией № 62.

      Сноска. Пункт 20 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 24.08.2012 № 276 (вводится в действие с 01.08.2012).

      21. После даты окончания передачи регистратором сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, единому регистратору, регистратор не осуществляет деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг.

      22. Руководящие работники регистраторов и единого регистратора обеспечивают выполнение сроков приема–передачи сведений и документов, составляющих системы реестров держателей ценных бумаг эмитентов, предусмотренных Графиком, а также сохранность указанных сведений и документов в процессе их приема–передачи от регистраторов единому регистратору.