"Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 160-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7705 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 373 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.07.2019 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 202, 203, және 204-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 қазанда № 162 "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;";

      2) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесінде:

      бірінші парақтың оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін атқарушының
2007 жылғы 31 шілдедегі
№ 182-Ө бұйрығына
1-қосымша";

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл

      сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының

      жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер

      мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары

      зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті

      жұмыстардың тізбесі";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Г. Әбдіқалықова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      _____________________ С. Қайырбекова

      2012 жылғы "__" сәуір

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнің
2012 жылғы 27 сәуірдегi
№ 160-ө-м бұйрығының
қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi міндетін
атқарушының
2007 жылғы 31 шілдедегі
№ 182-ө бұйрығының
2-қосымшасы

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы
қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру
қағидалары
1. Жалпы бөлiм

      1. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы (бұдан әрi - қосымша демалыс), еңбекақының жоғары мөлшерi жұмысшыларға, мамандарға және қызметшiлерге (бұдан әрi - қызметкерлер) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне (бұдан әрi - Тiзiм) сәйкес берiледi.

      2. Тiзiмде белгiленетiн қысқартылған жұмыс уақытының және қосымша демалыстың ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестациялау қағидаларына сәйкес жүргiзiлетiн аттестаттау нәтижелерi негiзiнде және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының iс жүзiндегi күйiн ескере отырып өзгертiлуi мүмкiн. Қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша демалыстың нақты ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұжымдық шарт пен еңбек шартында норматив ретiнде белгiленедi.

      3. Жұмыс берушi ұйымның өндiрiстiк объектiлерiне еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргiзбеген жағдайында, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен қосымша демалыстар, еңбекақының жоғары мөлшерi Тiзiмде көзделген толық көлемде берiледi.

      4. Ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне аттестаттау жүргізудің сапасын және Тiзiмнiң дұрыс қолданылуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

      5. Егер бұл кәсiптер мен лауазымдар Тiзiмнiң тиiстi бөлiмдерiнде немесе шағын бөлiмдерiнде арнайы көзделмесе, кәсiптерi мен лауазымдары "Экономиканың барлық салаларының жалпы кәсiптерi" бөлiмiнде көзделген қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс, олардың қандай өндiрiстер мен цехтарда жұмыс iстейтiнiне қарамастан берiледi.

      6. Лауазымдары Тiзiмде көзделген бригадирлерге, олардың көмекшiлерiне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс тиiстi кәсiптердiң жұмысшыларына берiлетiн ұзақтықпен бірдей берiледi.

2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы

      7. Тiзiмде көрсетiлген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлерге осы өндiрiстiң, цехтың, кәсiптiң немесе лауазымның жұмысы үшiн белгiленген жұмыс күннiң жартысынан артық уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген күндерiне ғана белгiленедi.

      8. Бөлек ұйымдардың қызметкерлерiне және ұйымдардың қосалқы цехтарының қызметкерлерiне, осы өндiрiстер мен цехтардың негiзгi қызметкерлеріне де, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсетуші персоналына да жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленетiн жұмыс істеп тұрған еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтардағы жұмыс істеген күндерi үшiн осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртiпте жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.

3. Қосымша демалыс

      9. Тiзiмде көзделген еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптер мен лауазымдарда жұмыс жылы бойы жұмыс істеген қызметкерге қосымша демалыс іс жүзінде жұмыс істеген күніне қарай берiледi.

      10. Қызметкерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстелген уақыт, Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және лауазымдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген қосымша демалыстың ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.

      11. Еңбек шарты бұзылған жағдайда оның негiздемесiне қарамастан, қосымша демалыс алу құқығын пайдаланбаған не толығымен пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленедi.

      12. Еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда үнемi жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, қосымша демалыс толығымен немесе қызметкердiң қалауы бойынша бөлiніп берiледi.

      13. Кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмге кiрмеген, бiрақ жекелеген кезеңдерде еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша демалыс кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмде көзделген қызметкерлерге қолданылатын негiздемелермен берiледi.

      14. Бөлек ұйымдардың (құрылыс, жөндеу, iске қосу-баптау) қызметкерлерiне және ұйымдардың (механикалық, жөндеу, энергетикалық, автоматика) қосалқы цехтарының қызметкерлерiне еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда жұмыс істеген уақыты үшiн негізгі қызметкерлермен бірдей негізде Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртiпте қосымша демалыс берiледi.

      15. Негiзгi және қосымша демалыстардың ұзақтығы негiзгi және қосымша демалыстардың күндерiн күнтiзбелiк күндермен қосу арқылы есептеледi.

4. Еңбекақының жоғары мөлшерi

      16. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге еңбекақының жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында, салалық келiсiмдер немесе ұжымдық шарттарда еңбекақының ең төмен стандарттарына негiзделiп белгiленген мөлшерден төмен болмауға тиiс. Еңбекақының ең төменгі стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 122-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.

      17. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақының жоғары мөлшерi "Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес белгiленедi.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 июля 2007 года № 182-п "Об утверждении Списка производств, цехов, профессий и должностей, перечня тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными) и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, повышенный размер оплаты труда и на дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск и Инструкции по его применению"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 апреля 2012 года № 160-ө-м. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 июня 2012 года № 7705. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 июля 2019 года № 373 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 23.07.2019 № 373 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

      В соответствии со статьями 202, 203 и 204 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 июля 2007 года № 182-п "Об утверждении Списка производств, цехов, профессий и должностей, перечня тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными) и (или) опасными условиями тv127705.htmруда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, повышенный размер оплаты труда и на дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск и Инструкции по его применению" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4888, опубликованный в газете "Юридическая газета" 23 октября 2007 года № 162), следующие изменения и дополнения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Списка производств, цехов, профессий и должностей, перечня тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными) и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск и на повышенный размер оплаты труда, а также Правил предоставления сокращенной продолжительности рабочего времени, дополнительного оплачиваемого ежегодного трудового отпуска и повышенного размера оплаты труда";

      в пункте 1:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) Список производств, цехов, профессий и должностей, перечень тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными) и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск и на повышенный размер оплаты труда, согласно приложению 1 к настоящему приказу;";

      подпункт 2) признать утратившим силу;

      дополнить подпунктом 3) следующего содержания:

      "3) Правила предоставления сокращенной продолжительности рабочего времени, дополнительного оплачиваемого ежегодного трудового отпуска и повышенного размера оплаты труда согласно приложению 2 к настоящему приказу.";

      в Списке производств, цехов, профессий и должностей, перечня тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными) и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, повышенный размер оплаты труда и на дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск, утвержденной указанным приказом:

      правый верхний угол первого листа изложить в следующей редакции:

  "Приложение 1
к приказу И.о. Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 31 июля 2007 года № 182-п"

      наименование изложить в следующей редакции:

      "Список

      производств, цехов, профессий и должностей,

      перечень тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными)

      и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает

      право на сокращенную продолжительность рабочего времени,

      дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск

      и на повышенный размер оплаты труда";

      дополнить приложением 2 согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту труда и социального партнерства (Сарбасов А.А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице - министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр Г. Абдыкаликова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр здравоохранения

      Республики Казахстан

      ______________ С. Каирбекова

      30 апреля 2012 года

  Приложение
к приказу Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 27 апреля 2012 года № 160-ө-м
Приложение 2
к приказу И.о. Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 31 июля 2007 года № 182-п

Правила предоставления сокращенной продолжительности
рабочего времени, дополнительного оплачиваемого ежегодного
трудового отпуска и повышенного размера оплаты труда
1. Общая часть

      1. Сокращенная продолжительность рабочего времени и ежегодный оплачиваемый дополнительный трудовой отпуск (далее - дополнительный отпуск), повышенный размер оплаты труда предоставляются рабочим, специалистам и служащим (далее - работники) согласно Списку производств, цехов, профессий и должностей, перечня тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными) и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск и на повышенный размер оплаты труда (далее - Список).

      2. Продолжительность сокращенного рабочего времени и дополнительного отпуска, повышенный размер оплаты труда устанавливаемая Списком, может быть изменена на основе результатов аттестации производственных объектов организаций, проводимой в соответствии с Правилами обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2011 года № 1457, и с учетом фактического состояния условий труда на рабочих местах. Конкретная продолжительность сокращенного рабочего времени и дополнительного отпуска, повышенный размер оплаты труда устанавливается как норматив в коллективном договоре и трудовом договоре.

      3. В случае не проведения работодателем аттестации по условиям труда производственных объектов организации, сокращенная продолжительность рабочего времени и дополнительные отпуска, повышенные размеры оплаты труда предоставляются в полном объеме, предусмотренном в Списке.

      4. Контроль за качеством проведения аттестации производственных объектов организаций и правильностью применения Списка осуществляется государственными инспекторами труда.

      5. Работникам, профессии и должности которых предусмотрены в разделе "Общие профессии всех отраслей экономики", сокращенная продолжительность рабочего времени и дополнительный отпуск предоставляются независимо от того, в каких производствах или цехах они работают, если эти профессии и должности специально не предусмотрены в соответствующих разделах или подразделах Списка.

      6. Бригадирам, его помощникам, должности которых предусмотрены в Списке, сокращенная продолжительность рабочего времени и дополнительный отпуск предоставляются той же продолжительности, что и рабочим соответствующих профессий.

2. Сокращенная продолжительность рабочего времени

      7. Сокращенная продолжительность рабочего времени указанная в Списке устанавливается работникам, лишь в те дни, когда они заняты во вредных условиях труда более половины рабочего дня, установленный для работы данного производства, цеха, профессии или должности.

      8. Работникам сторонних организаций и работникам вспомогательных цехов организаций в дни их работы в действующих производствах и цехах с вредными условиями труда, где как для основных работников, так и для ремонтного и обслуживающего персонала этих производств и цехов установлена сокращенная продолжительность рабочего времени, также устанавливается сокращенная продолжительность рабочего времени в порядке, предусмотренном пунктом 7 настоящих Правил.

3. Дополнительный отпуск

      9. Работнику, проработавшему в рабочем году в производствах, цехах, профессиях и должностях с вредными условиями труда предусмотренных в Списке предоставляется дополнительный отпуск пропорционально фактический проработанным дням.

      10. В тех случаях, когда работники в рабочем году работали в разных производствах, цехах, профессиях и должностях, за работу в которых предоставляется дополнительный отпуск разной продолжительности, подсчет времени, проработанного во вредных условиях труда, производится отдельно по каждой работе, исходя из установленной Списком продолжительности дополнительного отпуска для работников соответствующих производств, цехов, профессий и должностей.

      11. При расторжении трудового договора, независимо от его основания, работнику, который не использовал или использовал не полностью свое право на дополнительный отпуск, выплачивается компенсация.

      12. Работникам, постоянно занятым в производствах и цехах с вредными условиями труда, дополнительный отпуск представляется полностью или по желанию работника по частям.

      13. Работникам, профессии и должности которых не включены в Список, но выполняющим в отдельные периоды времени работу в производствах, цехах, профессиях и должностях с вредными условиями труда, дополнительный отпуск предоставляется на тех же основаниях, что и работникам, профессии и должности которых предусмотрены в Списке.

      14. Работникам сторонних организаций (строительных, ремонтных, пусконаладочных) и работникам вспомогательных цехов организаций (механического, ремонтного, энергетического, автоматики) за время их работы в производствах и цехах с вредными условиями труда дополнительный отпуск предоставляется на тех же основаниях, что и для основных работников в порядке, предусмотренной настоящей главой Правил.

      15. Исчисление продолжительности основного и дополнительного отпусков, производится суммированием дней основного и дополнительного отпусков в календарных днях.

4. Повышенный размер оплаты труда

      16. Повышенный размер оплаты труда работников, занятых на тяжелых работах, работах с вредными (особо вредными), опасными условиями труда не может быть ниже установленных законом Республики Казахстан о республиканском бюджете, отраслевыми соглашениями или коллективными договорами, основанных на минимальных стандартах оплаты труда. Минимальный стандарт оплаты труда определяется в соответствии с пунктом 2 статьи 122 Трудового кодекса Республики Казахстан.

      17. Повышенный размер оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий, занятых на тяжелых работах, работах с вредными (особо вредными), опасными условиями труда устанавливается в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий".