Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313 және 316-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы № 176-I Заңымен қосылған Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған озон қабатын бұзатын заттарды 2012-2013 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың шеңберінде үшінші елдермен саудалауда Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С және Е тізімінде көрсетілген озон қабатын бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге мөлшерлік шектеулер белгіленсін.
3. Экономикалық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті:
осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның жариялануы бойынша шаралар қабылдасын.
4. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық Экология департаменттерінің назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы М. Мұхамбетов
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ 131-ө бұйрығымен бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды 2012 – 2013 жылдар кезеңінде
тұтыну лимиттері (квоталары)
Жылдар |
Квоталар (тонна) |
|
С тізімі |
Е тізімі |
|
2012 жылғы 1 қаңтар |
1000* |
80* |
2013 жылғы 1 қаңтар |
1000* |
80* |
Ескерту:
* цифрлер озон қабатын бұзатын заттарды жылдар бойынша орташа тұтынуды талдаудан алынған.
Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озон қабатын бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2009 – 2011 жылдары әкелген көлемге парапар жүзеге асырылады (Vi(2009), Vi(2010), Vi(2011)).
Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озон қабатын бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы белгіленген тәртіппен берген өтініште көрсетілген көлемге қарамастан, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін есептеуге сәйкес есептелген көлемнен (Vi(2011)) аспауы тиіс.
2012 жылғы 31 қаңтарға дейін белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға өтініш берген сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін (Vi) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Vi = ki*Vжалпы,
мұнда:
Vжалпы – мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2012 – 2013 жылдары тұтынуға рұқсат етілген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
ki – сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула бойынша есептелген коэффициент:
Vi(2009)+Vi(2010)+Vi(2011)
ki = ----------------------------------------,
Vжалпы(2009)+Vжалпы(2010)+Vжалпы(2011)
мұнда:
Vi(2009) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2009 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vi(2010) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2010 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vi(2011) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2011 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2009) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2009 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2010) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2010 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2011) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2011 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна.