Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 170 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7721 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі айдың ішінде өз қызметтерін Нұсқаулыққа сәйкес келтірсін.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 170 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициенттерін, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тура немесе жанама иеленетін, ашық жинақтау зейнетақы қорының ірі қатысушыларын қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 246 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5542 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылы № 5, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 6 наурызда № 35 (1458) жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 10-тармағы.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 6-тармағы.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 170 қаулыcымен
бекітілген

Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі
қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе)
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін
қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық

      1. Осы Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) ірі қатысушысының Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шараларды белгілейді.

      2. Қордың және (немесе) Ұйымның ірі қатысушысы (бұдан әрі – ірі қатысушы) осы Нұсқаулықта көзделген, Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 5789 тiркелген) (бұдан әрi – № 180 қаулы), "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндерi, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 5793 тiркелген) (бұдан әрi – № 181 қаулы), "Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 5810 тiркелген) (бұдан әрi – № 215 қаулы) қаулыларында белгiленген деңгейде қолдауы жөнінде шаралар қабылдайды.

      3. Нұсқаулықта айқындалған, Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін ірі қатысушылардың қолдауы жөніндегі шаралар:

      1) заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының Қордың және (немесе) Ұйымның ірі қатысушыларының сақтауы үшін міндетті Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шараларды қолданудың талаптары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарын әзірлеуден және бекітуден;

      2) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) тұрақты қамтамасыз етуден;

      3) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) жедел қамтамасыз етуден тұрады.

      4. Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін тұрақты қамтамасыз ету шаралары мыналардан:

      1) Қордың және (немесе) Ұйымның № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 215 қаулыда белгiленген пруденциалдық нормативтердi сақтауын тексеру мақсатында Қордың және (немесе) Ұйымның тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiгiн талдау негiзiнде Қордың және (немесе) Ұйымның қаржылық жай-күйiн тоқсан сайын бағалаудан, сондай-ақ Қордың және (немесе) Ұйымның меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң төмендеуiне ықпал ететiн тәуекелдердi бағалаудан;

      2) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталы жеткіліктілігінің болжамдық мәндерін тоқсан сайын бағалаудан;

      3) Қордағы және (немесе) Ұйымдағы тәуекелдердi басқару жүйесiнiң тиімді жұмыс істеуінің, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Заңның 40-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келу бағаларының қамтамасыз етілуін жыл сайын бақылаудан;

      4) ірі қатысушылары бар Қорда және (немесе) Ұйымда Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген жедел қамтамасыз ету шараларын айқындайтын рәсімдердің болуын жыл сайын бақылаудан;

      5) зейнетақы активтерін инвестициялаған кезде Қордың инвестициялық декларацияны және меншікті активтерді инвестициялаған кезде Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерін инвестициялау саясатын ірі қатысушылары бар Қордың және (немесе) Ұйымның сақтауын тоқсан сайын бақылаудан;

      6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5165 тіркелген) сәйкес жасалған, Қордың және (немесе) Ұйымның қаржылық жай-күйі нашарлауы мүмкін жағдайда Қорды және (немесе) Ұйымды қайта капиталдандыру жоспарында көзделген шараларды қабылдаудан тұрады.

      5. Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 215 қаулыда белгiленген нормативтік мәннен төмен азайған кезде ірі қатысушы оны ұлғайту мақсатында Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан басқа қосымша жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.

      6. Жедел қамтамасыз ету шаралары:

      1) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттерді;

      2) Қор және (немесе) Ұйым активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттерді;

      3) Қордың және (немесе) Ұйымның ұйымдастыру құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттерді;

      4) Қор және (немесе) Ұйым акционерлерінің арасында оның жай акциялары бойынша дивидендтер есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру жөніндегі іс-әрекеттерді көздейді.

      7. Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер Қордың және (немесе) Ұйымның орналастырылатын акцияларын ірі қатысушының сатып алуынан, Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мөлшерін № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 215 қаулыда белгіленген нормативтік мәнге сәйкес келтіру мақсатында осы акциялардың құнын төлеуден тұрады, бірақ олармен шектелмейді.

      8. Қор және (немесе) Ұйым активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттер:

      1) Қорды және (немесе) Ұйымды кредиттік және (немесе) нарықтық тәуекелдерге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;

      2) портфель бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында Қордың инвестициялық портфелін қайта құрылымдау;

      3) елеулі шығыстармен байланысты немесе Қорды және (немесе) Ұйымды қосымша тәуекелдерге ұшырататын операциялардың тізбесін және көлемін қысқарту түрінде жүзеге асырылады.

      9. Қордың және (немесе) Ұйымның ұйымдық құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттер:

      1) әкімшілік-шаруашылық шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды шектеу арқылы қысқарту;

      2) Қордың және (немесе) Ұйымның штат санын өзгерту;

      3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту түрінде жүзеге асырылады.

Об утверждении Инструкции о мерах по поддержанию крупным участником накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, коэффициентов достаточности собственного капитала накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 170. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 июня 2012 года № 7721. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 августа 2016 года № 183

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 08.08.2016 № 183.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Инструкцию о мерах по поддержанию крупным участником накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, коэффициентов достаточности собственного капитала накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами (далее - Инструкция).

      2. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      4. Организациям, осуществляющим инвестиционное управление пенсионными активами, в течение двух месяцев со дня введения в действие настоящего постановления привести свою деятельность в соответствие с требованиями Инструкции.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждена
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 апреля 2012 года № 170

Инструкция
о мерах по поддержанию крупным участником накопительного
пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей
инвестиционное управление пенсионными активами, коэффициентов
достаточности собственного капитала накопительного пенсионного
фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное
управление пенсионными активами

      1. Настоящая Инструкция о мерах по поддержанию крупным участником накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, коэффициентов достаточности собственного капитала накопительного пенсионного фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июня 1997 года

      "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" (далее – Закон), и устанавливает меры по поддержанию коэффициентов достаточности собственного капитала накопительного пенсионного фонда (далее - Фонд) и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, (далее - Организация) крупным участником Фонда и (или) Организации.

      2. Крупный участник Фонда и (или) Организации (далее - крупный участник) принимает меры, предусмотренные Инструкцией, по поддержанию достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации на уровне, установленном постановлениями Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года № 180 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях пруденциальных нормативов, методике их расчетов для накопительных пенсионных фондов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5789) (далее - постановление № 180), от 5 августа 2009 года № 181 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях пруденциальных нормативов, методике их расчетов для организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5793) (далее - постановление № 181), от 26 сентября 2009 года № 215 "Об утверждении Правил расчета пруденциальных нормативов для организаций, совмещающих виды профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5810) (далее - постановление № 215).

      3. Меры по поддержанию крупными участниками коэффициентов достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации, определенные Инструкцией, включают в себя:

      1) разработку и утверждение внутренних документов крупным участником, являющимся юридическим лицом, устанавливающих обязательные для соблюдения крупными участниками Фонда и (или) Организации условия и порядок применения мер по поддержанию коэффициентов достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации;

      2) постоянное обеспечение необходимого уровня (значения) коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации;

      3) оперативное обеспечение необходимого уровня (значения) коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации.

      4. Меры постоянного обеспечения необходимого значения коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации включают следующее:

      1) ежеквартальную оценку финансового состояния Фонда и (или) Организации на основе анализа ежеквартальной финансовой отчетности Фонда и (или) Организации, с целью проверки соблюдения пруденциальных нормативов Фонда и (или) Организации, установленных постановлением № 180, постановлением № 181, постановлением № 215, а также оценку рисков, влияющих на снижение коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации;

      2) ежеквартальную оценку прогнозных значений достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации;

      3) ежегодный контроль за обеспечением эффективности функционирования системы управления рисками в Фонде и (или) Организации, в том числе оценок соответствия указанных систем требованиям, установленным статьей 40-1 Закона;

      4) ежегодный контроль наличия в Фонде и (или) Организации, имеющих крупных участников, процедур, определяющих меры оперативного обеспечения, предусмотренные в пункте 6 Инструкции;

      5) ежеквартальный контроль соблюдения Фондом и (или) Организацией, имеющих крупных участников, инвестиционной декларации Фонда при инвестировании пенсионных активов и политики инвестирования собственных активов Фонда и (или) Организации при инвестировании собственных активов;

      6) принятие мер предусмотренных планом рекапитализации Фонда и (или) Организации, в случае возможного ухудшения финансового положения Фонда и (или) Организации, составленным в соответствии с постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 января 2008 года № 7 "Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка, банковского холдинга, крупного участника страховой (перестраховочной) организации, страхового холдинга, крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5165).

      5. Крупным участником с целью увеличения коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации, при его снижении ниже нормативного значения, установленного постановлением № 180, постановлением № 181, постановлением № 215, дополнительно, помимо мер постоянного обеспечения коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации, применяются меры оперативного обеспечения.

      6. Меры оперативного обеспечения предусматривают:

      1) действия по обеспечению необходимого значения коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации;

      2) действия по изменению структуры активов Фонда и (или) Организации;

      3) действия по изменению организационной структуры Фонда и (или) Организации;

      4) действия по приостановлению начисления и (или) выплаты дивидендов по простым акциям (распределения чистого дохода) Фонда и (или) Организации между его акционерами.

      7. Действия по обеспечению необходимого значения коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации включают, но не ограничиваются, приобретение крупным участником размещаемых акций Фонда и (или) Организации, оплату стоимости данных акций в целях приведения необходимого размера коэффициента достаточности собственного капитала Фонда и (или) Организации к нормативному значению, установленному постановлением № 180, постановлением № 181, постановлением № 215.

      8. Действия по изменению структуры активов Фонда и (или) Организации осуществляются в виде:

      1) ограничения или приостановления операций, подвергающих Фонд и (или) Организацию кредитному и (или) рыночному рискам;

      2) реструктуризации инвестиционного портфеля накопительного пенсионного фонда с целью снижения рисков по портфелю;

      3) сокращения перечня и объема проводимых операций, связанных со значительными расходами или подвергающих Фонд и (или) Организацию дополнительным рискам.

      9. Действия по изменению организационной структуры Фонда и (или) Организации осуществляются в виде:

      1) сокращения административно-хозяйственных расходов, в том числе посредством ограничения дополнительного найма работников;

      2) изменения штатной численности Фонда и (или) Организации;

      3) изменения состава инвестиционного комитета.

  Приложение к
постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 апреля 2012 года № 170

Перечень
нормативных правовых актов Республики Казахстан,
признаваемых утратившими силу

      1. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций

      от 29 декабря 2008 года № 246 "Об утверждении Инструкции о мерах по поддержанию крупным участником открытого накопительного пенсионного фонда, владеющим прямо или косвенно более двадцатью пятью процентами голосующих акций накопительного пенсионного фонда, коэффициентов достаточности собственного капитала открытого накопительного пенсионного фонда" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5542, опубликованное в 2009 году в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 5, 6 марта 2009 года в газете "Юридическая газета" № 35 (1632)).

      2. Пункт 10 Перечня дополнений и изменений, которые вносятся в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, утвержденного постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 марта 2010 года № 49 "О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6204, опубликованным 25 сентября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 253-254).

      3. Пункт 6 Перечня изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 июля 2010 года № 111 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6393, опубликованным 12 ноября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 306-309).