«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының басталу мерзімі 2012 жылғы 1 қыркүйек болып анықталсын.
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасын, бірінші сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11 (12)- сыныптарда - 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы барысында каникулдар:
1) 1-11 (12) - сыныптарда: күзгі каникул - 8 күн (2012 жылғы 5-12 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2012 жылғы 30 желтоқсан - 2013 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2013 жылғы 21 наурыз - 1 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2012 жылғы 5 - 12 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2012 жылғы 28 желтоқсан - 2013 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2013 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2013 жылғы 2-8 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.
2. 2012 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында сабақ өткізілсін.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов