Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейiн есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 361 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қыркүйекте № 7920 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 203 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

М. Орынханов


"Келісілді"

Қазақстан Республикасының

Мұнай және газ министрінің м.а.

___________ Б. Толымбаев

"____"________ 2012 ж.

"Келісілді"

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа

технологиялар министрінің м.а.

___________ А. Рау

"____"________ 2012 ж.


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2012 жылғы 10 тамыздағы
№ 361 бұйрығымен бекітілген

Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің
ең аз деңгейін есептеу әдістемесі

      1. Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін анықтау үшін қазақстандық мамандарды оқытуға кететін шығындардың ең аз үлесін белгілеу қажет.

      3. Константты немесе нормативті болып табылатын қазақстандық мамандарды оқытуға кететін шығындардың ең аз үлесі (Шо) мынадай формула бойынша есептеледі:

      Біжө: Иіжө

      Шо = ____________ х 100 % + Ксал

      Иіжө: Бинв

      Біжө – өткен кезеңге республиканың ішкі жалпы өніміндегі білім беруге арналған шығын үлесі (пайыздық арақатынаста),

      Иіжө – өткен кезеңге республиканың ішкі жалпы өніміндегі негізгі капиталға салынатын инвестициялар үлесі (пайыздық арақатынаста),

      Бинв – өткен кезеңге негізгі капитал инвестицияларындағы білімнің үлесі (пайыздық арақатынаста).

      Ксал – әрбір салаға жеке мамандар даярлау үшін қажетті қосымша инвестицияның көлемін көрсететін салалық норматив, бұл норматив сол саланың әр жылға технологиялар трансфертті, индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына сәйкес құзырлы органмен бекітіледі.

      4. Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейі мынадай формула бойынша анықталады:

      Қ = Кқтд + КМ / ОШ,

      Қ – жоспарлы кезеңде қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейі;

      Кқтд – саланың индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы үшін технологияларды трансферттеу бойынша қазақстандық мамандарды оқытуға қажетті көлем;

      ОШ – жоспарлы кезеңге қарастырылған білім беру ұйымдарында оқу жылына 1 маманды оқытуға арналған орташа шығыстар (мың теңге),

      КМ – жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған келісім-шарттық міндеттемелері (мың теңге) және ол мынадай формула бойынша анықталады:

      КМ = И х Шо,

      И - жыл сайынғы инвестициялар көлемі.

Об утверждении Методики расчета минимального уровня потребности по обучению казахстанских специалистов

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 августа 2012 года № 361. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 сентября 2012 года № 7920. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 мая 2019 года № 203 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 13.05.2019 № 203 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета минимального уровня потребности по обучению казахстанских специалистов.

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования (Жакыпова Ф.Н.):

      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Орунханова М.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра

М. Орунханов


"Согласовано"

И.о. министра нефти и газа

Республики Казахстан

___________ Б. Толумбаев

"___"___________ 2012 г.


"Согласовано"

И.о. министра индустрии и новых

технологий Республики Казахстан

___________ А. Рау

"___"___________ 2012 г.


  Утверждена приказом
И.о. Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 10 августа 2012 года № 361

Методика расчета
минимального уровня потребности по обучению казахстанских
специалистов

      1. Методика расчета минимального уровня потребности по обучению казахстанских специалистов разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании".

      2. Для определения минимального уровня потребности по обучению казахстанских специалистов следует установить минимальную долю затрат на обучение казахстанского персонала.

      3. Минимальная доля затрат на обучение казахстанских специалистов (Зо), являющейся константой или нормативом, исчисляется по следующей формуле:

      Оввпввп

      Зо= ________________ х 100 %+ Котр

      Иввпинв

      где Оввп – доля затрат на образование в валовом внутреннем продукте республики за предыдущий период (в процентных соотношениях);

      Иввп – доля инвестиций в основной капитал в валовом внутреннем продукте республики за предыдущий период (в процентных соотношениях);

      Оинв – доля образования в инвестициях основного капитала за предыдущий период (в процентных соотношениях).

      Котр – отраслевой норматив, отражающий необходимый дополнительный объем инвестиций для подготовки специалистов для каждой отрасли в отдельности, утверждаемый компетентным органом по трансферту технологий, индустриально-инновационному и научно-техническому развитию для данной отрасли на каждый год.

      4. Минимальный уровень потребности по обучению казахстанских специалистов определяется по следующей формуле:

      П = Кнтр+ КО/СР,

      где П – минимальный уровень потребности по обучению казахстанских специалистов на плановый период;

      СР - средние расходы на обучение 1 специалиста за учебный год в организациях образования, предусмотренные на плановый период (в тысячах тенге);

      Кнтр – необходимый объем для обучения казахстанских специалистов по трансферту технологий для индустриально-инновационного и научно-технического развития в данной отрасли;

      КО - контрактные обязательства недропользователя на обучение специалистов, являющихся гражданами Республики Казахстан, задействованных при исполнении контракта, или обучение граждан Республики Казахстан по перечню специальностей, согласованному с компетентным органом(в тысячах тенге) и рассчитываются по следующей формуле:

      КО = И х Зо,

      где И - ежегодный объем инвестиций.