Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 586 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7975 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 шілдедегі № 805 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.07.2015 № 805 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (P.P. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 12 қыркүйектегі  
№ 586 бұйрығына        
қосымша            

Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын
субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері

      1. Осы байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел топқа жатқызу мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Критерийлер тәуекелдіктердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын анықтайды, олардың негізінде субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызылуы жүзеге асырылады.
      3. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел - жеке және заңды тұлғалардың және мемлекеттің, қоғамның заңды мүдделеріне, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, Субъектілердің қызметінің нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы, атап айтқанда:
      радиожиілік спектрдің ақылы шектелген ресурстың бақылаусыз қолданылуы мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдердің түспеуіне әкелуі мүмкін;
      радиожиілік спектрді рұқсат ететін құжаттарсыз қолданылуы радиокедергілердің туындауына және оның заңды иелерімен пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкелуі мүмкін;
      2) тексеру субъектілері - ведомстволық телекоммуникация желілерінің, жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылары болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелері;
      3) субъективті критерийлері - тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуына байланысты анықталады.
      4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
      5. Алғашқыда тексеру субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне жатады.
      6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі жатқызуы өрескел, едәуір және елеусіз бұзушылықтар жататын субъективті белгілерді есепке алып жүзеге асырылады.
      7. Өрескел бұзушылыққа:
      1) радиожиілік спектрін тиісті құжатсыз қолдану;
      2) байланыс саласындағы уәкілетті органның нөмірлер ресурстарын бөлу туралы тиісті шешімінсіз қолдану жатады.
      8. Едәуір бұзушылықтарға:
      1) сертификатталмаған жабдықтарды қолдану;
      2) пайдалануға рұқсатсыз радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану;
      3) «Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1694 қаулысымен бекітілген, Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларының талаптарын бұзу;
      4) радиожиілік спектрді қолдануға рұқсаттың жарамдылық мерзімдерін ұзартпау;
      5) Радиожиілік спектрін қолдану және радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану рұқсаттарындағы белгіленген деректеріне радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану-техникалық сипаттамаларының сәйкес болмауы жатады.
      9. Елеусіз бұзушылыққа: радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсаттың жарамдылық мерзімдерін ұзартпауы жатады.
      10. Жоспарлы тексерулерді жүзеге асыру үшін байланыс саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежелер топтары бойынша бөлу және дәрежесін анықтау жыл сайын жүзеге асырылатын болады.
      11. Байланыс саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу алдыңғы (өткен жылғы) тексерудің нәтижелері бойынша талдау негізінде жүзеге асырылатын болады.
      12. Тәуекелдік дәрежесінің елеусіз тобына кіретін бақылау субъектілері, тексеру кезеңі ішінде бір немесе едәуір өрескел немесе екі немесе одан да едәуір бұзушылықтарды жасаған кезде жоғары тәуекелдік дәрежесіне ауысады.
      13. Тәуекелдік дәрежесінің орта тобына кіретін бақылау субъектілері, тексеру кезеңі ішінде бір өрескел немесе екі едәуір бұзушылықтарды жасаған кезде жоғары тәуекелдік дәрежесіне ауысады.
      14. Соңғы жоспарлы тексеріспен бұзушылықтар айқындалмаған кезде, субъектілері тәуекелдік дәрежесінің елеусіз тобына ауысады.
      15. Тәуекелдіктің жоғары немесе орта тобы субъектілері байланыс саласындағы заңнама нормаларының талаптарын сақтауына байланысты бір топтан басқа топқа ауысатын болады және, тиісінше, олардың тексеріс кезеңдігі өзгеретін болады.
      16. Тәуекелдік дәрежесінің бірінің ішінде субъектілердің іріктелуі байланыс саласындағы уәкілеттік органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келесі ретте жүзеге асырылады:
      1) аса көп тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде жоспардан тыс тақырыптық тексерістер есепке алынбайды);
      2) өткен жылдың анықталған бұзушылықтардың ауыртпалық дәрежесі;
      3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мөлшерлерінің аса көп болуы.

Об утверждении критериев оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 сентября 2012 года № 586. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2012 года № 7975. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 июля 2015 года № 805

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 27.07.2015 № 805.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 5 июля 2004 года «О связи», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые критерии оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи согласно приложению к настоящему приказу;
      2. Комитету связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Нуршабеков P.P.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа его официальное опубликование в средствах массовой информации и размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Сарсенова С. С.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти
календарных дней после дня официального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев

Приложение к приказу     
Министра транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан         
от 12 сентября 2012 года № 586  

Критерии оценки степени риска для субъектов, не относящихся
к сфере частного предпринимательства в области связи

      1. Настоящие Критерии оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи (далее - Критерии) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» и от 5 июля 2004 года «О связи», с целью отнесения проверяемых субъектов к определенной группе риска.
      2. Настоящие Критерии определяют совокупность количественных и качественных показателей риска, на основании которых осуществляется отнесение проверяемых субъектов к различным степеням риска.
      3. В настоящих Критериях используются следующие понятия:
      1) риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности Субъектов законным интересам физических и юридических лиц и государства, общества с учетом степени тяжести его последствий, а именно:
      бесконтрольное использование платного ограниченного ресурса радиочастотного спектра, которое может привести к недопоступлению обязательных платежей в государственный бюджет;
      использование радиочастотного спектра без разрешительных документов, которое может привести к возникновению радиопомех и невозможности использования его законными владельцами;
      2) проверяемые субъекты - владельцы ведомственных сетей телекоммуникаций, отдельного коммутационного оборудования, подключаемого к сети телекоммуникаций общего пользования, владельцы радиоэлектронных средств, являющиеся пользователями радиочастотным спектром;
      3) субъективные критерии - определяются в зависимости от допущенных проверяемыми субъектами нарушений установленных требований.
      4. В зависимости от степени риска проверяемые субъекты относятся к группам высокого, среднего либо незначительного риска.
      5. Первично проверяемые субъекты относятся к незначительной степени риска.
      6. Последующее отнесение проверяемых субъектов к группам риска осуществляется с учетом субъективных критериев, к которым относятся грубые, значительные и незначительные нарушения.
      7. К грубым нарушениям относятся:
      1) использование радиочастотного спектра без соответствующего разрешения;
      2) использование ресурса нумерации без соответствующего решения уполномоченного органа в области связи о выделении ресурса нумерации.
      8. К значительным нарушениям относятся:
      1) использование не сертифицированного оборудования;
      2) эксплуатация радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств без разрешения на право эксплуатации;
      3) нарушение требований Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1694 «Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов»;
      4) не продление сроков действия разрешения на использование радиочастотного спектра;
      5) несоответствие эксплуатационно-технических характеристик радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств данным, указанным в разрешениях на использование радиочастотного спектра и на эксплуатацию радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств.
      9. К незначительным нарушениям относится: не продление сроков
действия разрешения на право эксплуатации радиоэлектронного средства и высокочастотного устройства.
      10. Определение степени риска и распределение по группам степени риска проверяемых субъектов в области связи для осуществления плановых проверок будет осуществляться ежегодно.
      11. Распределение проверяемых субъектов в области связи по степени риска будет осуществляться на основе анализа по результатам предыдущих проверок (за предшествующий год).
      12. Проверяемые субъекты, входящие в незначительную степень риска, при совершении в течении проверяемого периода до двух грубых или более двух значительных нарушений переводятся в среднюю степень риска, а при совершении трех грубых нарушений - в высокую степень риска.
      13. Проверяемые субъекты, входящие в среднюю степень риска, при совершении в течении проверяемого периода одного и более грубых или двух и более значительных нарушений переводятся в высокую степень риска.
      14. При невыявлении последней плановой проверкой нарушений, проверяемые субъекты переводятся в группу незначительной степени риска.
      15. Проверяемые субъекты высокой или средней группы риска в зависимости от соблюдения требований норм законодательства в области связи будут переводиться из одной группы в другую и, соответственно, будет меняться периодичность их проверки.
      16. Отбор проверяемых субъектов внутри одной степени риска осуществляется уполномоченным органом в области связи и его территориальными подразделениями следующим образом:
      1) наибольший непроверенный период (при определении непроверенного периода не берутся в расчет внеплановые тематические проверки);
      2) степень тяжести выявленных нарушений за прошедший период;
      3) наличие наибольшего количества радиоэлектронных средств ивысокочастотных устройств.