"Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 желтоқсанда № 8247 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 наурыздағы № 04-2-4/56 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 29.03.2014 № 04-2-4/56 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          А. Байменов

Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағаның   
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 02-01-02/184 бұйрығымен
бекітілген      

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін
арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу»
мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) көрсетілетін, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу бойынша мемлекеттік қызмет;
      2) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында білім беру құқығын растайтын құжаты бар білім беру ұйымдары.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші орган атауы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а).
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережесі және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына (бұдан әрі – бағдарлама) келісім берілгенін растайтын хат-келісім не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қамтитын хат болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет Агенттік ғимаратында көрсетіледі. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.
      Ғимаратта тәулік бойлы күзет бекеті, өртке қарсы дабылқаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Агенттіктің www.kyzmet.kz интернет-ресурсында орналасқан, сондай-ақ мына телефондар бойынша беріледі: 8 (7172) 75-35-34, 75-35-85.
      Агенттіктің жұмыс кестесі: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, жексенбі, демалыс және 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мереке күндерінен басқа күндері көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы негіз болады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1 кезең – білім беру бағдарламаларын келісуге жолдаған білім беру ұйымының хатын тіркеу;
      2 кезең – мемлекеттік қызметті алушымен берілген осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжат топтамасын мемлекеттік қызметті көрсетуші тұлғаның пәнге сәйкестігін қарастыруы;
      3 кезең – білім беру бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына (бұдан әрі – Академия) ғылыми сараптамаға жолдау;
      4 кезең – білім беру бағдарламаларының пәнге сәйкестік комиссиясының қорытындысы;
      5 кезең – білім беру бағдарламаларына келісу нәтижесін жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипатталуы

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар Агенттіктің кеңсесіне тапсырылады немесе осы регламенттің 3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша поштамен жолдау арқылы жіберіледі.
      14. Мемлекеттік қызметінің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға хат қолма-қол немесе пошталық мекенжайына жіберіледі.
      Агенттікпен келісілген бағдарламалар келісілген күннен бастап бір жыл ішінде күшінде болады.
      15. Әр әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) орындалу мерзімі көрсетілген әр ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік сипаттамасы осы регламенттың 1-қосымшасында келтірілген.
      16. Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
және біліктілігін арттырудың білім беру
бағдарламаларын келісу» регламентіне
1-қосымша

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

ҚФБ атауы

Рәсім

Мерзімдер

Құжат

1

Агенттік: кеңсе

Құжаттарды қабылдау

1 жұмыс күні


2

Агенттік: орындаушы

Академияға сараптамаға жолдау

2 жұмыс күні


3

Академия: орындаушы

Талдау жүргізу, қорытынды дайындау, Қорытындыны Агенттікке жолдау

20 күнтізбелік күн


4

Агенттік: орындаушы

Келісім не дәлелді бас тарту хатын дайындау

2 жұмыс күні

мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына (бұдан әрі – бағдарлама) келісім берілгенін растайтын Агенттіктің ресми бланкідегі келісім-хаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді мазмұнды жауабы бар хат.

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
және біліктілігін арттырудың білім беру
бағдарламаларын келісу» регламентіне
2-қосымша

     «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін
            арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу»
                   мемлекеттік қызметінің процесі

 

Об утверждении регламента государственной услуги "Согласование образовательных программ переподготовки и повышения квалификации государственных служащих"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 27 декабря 2012 года № 02-01-02/184. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2012 года № 8247. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 29 марта 2014 года № 04-2-4/56

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 29.03.2014 № 04-2-4/56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент оказания государственной услуги «Согласование образовательных программ переподготовки и повышения квалификации государственных служащих».
      2. Отделу прохождения государственной службы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (Утешев М.И.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заведующего Отделом прохождения государственной службы Утешева М.И.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                                     А. Байменов

Утвержден           
приказом Председателя      
Агентства Республики Казахстан  
по делам государственной службы  
от 27 декабря 2012 года № 02-01-02/184

Регламент государственной услуги
«Согласование образовательных программ переподготовки и
повышения квалификации государственных служащих»

1. Общие положения

      1. Настоящий регламент государственной услуги «Согласование образовательных программ переподготовки и повышения квалификации государственных служащих» разработан в соответствии со стандартом государственной услуги «Согласование образовательных программ переподготовки и повышения квалификации государственных служащих» (далее – Стандарта), утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2012 года № 1687 «Об утверждении стандартов государственных услуг Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы».
      2. В настоящем регламенте используются следующие понятия:
      1) государственная услуга – государственная услуга по согласованию образовательных программ переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, оказываемая Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы (далее – Агентство);
      2) получатель государственной услуги – организация образования, имеющая документ, подтверждающий право на оказание образовательных услуг в области переподготовки и повышения квалификации государственных служащих.
      3. Наименование органа, оказывающего государственную услугу – Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы (город Астана, проспект Абая, 33а).
      4. Форма оказываемой государственной услуги: неавтоматизированная.
      5. Государственная услуга оказывается на основании Положения об Агентстве, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 1999 года № 280 и Правил переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 11 октября 2004 года № 1457.
      6. Результатом оказываемой государственной услуги являются письмо-согласование на официальном бланке Агентства, подтверждающее согласование образовательной программы переподготовки и повышения квалификации государственных служащих (далее – программа), либо письмо, содержащее мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги.

2. Требования к порядку оказания государственной услуги

      7. Государственная услуга оказывается в здании Агентства. Режим помещения: вход в здание осуществляется по предварительной записи.
      Здание имеет круглосуточный пост охраны, противопожарные сигнализации и другие меры безопасности.
      8. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      9. Информация о государственной услуге размещается на интернет-ресурсе Агентства: www.kyzmet.kz,а также представляется по телефонам: 8 (7172) 75-35-34, 75-35-85.
      График работы Агентства: с 9:00 до 18:30 часов, с перерывом на обед с 13:00 до 14:30 часов, кроме субботы, воскресенья праздничных дней, установленных Трудовым кодексом от 15 мая 2007 года и Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан».
      10. Сроки оказания государственной услуги указаны в пункте 7 Стандарта.
      11. Основанием для отказа в оказании государственной услуги является представление неполного пакета документов, предусмотренных пунктом 11 Стандарта.
      12. Этапы оказания государственной услуги:
      1 этап – регистрация письма организации образования, направляющая программы образования на согласование;
      2 этап – рассмотрение пакета документов, предоставленных получателем государственной услуги, лицом оказывающим государственные услуги, на предмет соответствия, предусмотренных пунктом 11 Стандарта;
      3 этап – направление программ образования на научную экспертизу в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан (далее – Академия);
      4 этап – заключение комиссии на предмет соответствия образовательной программы;
      5 этап – отправление результата согласования образовательных программ.

3. Описание порядка действий (взаимодействий) в процессе
оказания государственной услуги

      13. Для получения государственной услуги необходимо предоставить перечень документов, указанный в пункте 11 Стандарта.
      Документы, указанные в пункте 11 Стандарта, сдаются в канцелярию Агентства либо отправляются по почте по адресу, указанному в пункте 3 настоящего регламента.
      14. Результат государственной услуги выдается получателю государственной услуги нарочно, либо отправляется по почте.
      Программы, согласованные с Агентством, действуют в течение года со дня согласования.
      15. Описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия (процедуры) приведено в приложении 1 к настоящему регламенту.
      16. Диаграмма функционального взаимодействия приведена в приложении 2 настоящего регламента.

Приложение 1          
к регламенту «Согласование     
образовательных программ      
переподготовки и повышения     
квалификации государственных служащих»

                  Таблица 1. Описание действий СФЕ

Название СФЕ

Процедура

Сроки

Документ

1

Агентство:
канцелярия

Прием документов

1 рабочий день


2

Агентство:
исполнитель

Направление на экспертизу в Академию

2 рабочих дня


3

Академия:
исполнитель

Проведение анализа, подготовка заключения,
Направление заключения в Агентство

20 календарных дней


4

Агентство:
исполнитель

Подготовка письма согласования либо мотивированного отказа

2 рабочих дня

письмо-согласование на официальном бланке Агентства, подтверждающее согласование образовательной программы переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, либо письмо, содержащее мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги

Приложение 2          
к регламенту «Согласование    
образовательных программ     
переподготовки и повышения    
квалификации государственных служащих»

Процесс государственной услуги по Согласованию образовательных
      программ переподготовки и повышения квалификации
                      государственных служащих