"Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 желтоқсанда № 8251 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 наурыздағы № 04-2-4/56 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 29.03.2014 № 04-2-4/56 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         А. Байменов

Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағаның   
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 02-01-02/180 бұйрығымен
бекітілген      

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою»
мемлекеттiк қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттiк қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігімен көрсетілетін, әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр резервіне алу бойынша мемлекеттік қызмет;
      2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға:
      конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервiне алуға ұсыным берген (бірақ әрбір бос лауазым үшін бір үміткерден көп емес);
      мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағандар және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар;
      шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиямен бекітілетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын бітіргендер;
      кәсiби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген;
      аттестациялаудан өткен және аттестациялық комиссиялар кадр резервiне алуға ұсыным берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтарға көрсетiледі.
      3) мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi – бұл мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ережемен айқындалған тәртiппен түзілген жүйелi тiзiмге олар жөнiндегi деректер енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi – азаматтар).
      3. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):
      1) конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервiне алуға ұсыным берген;
      2) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағандар және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар;
      3) кәсiби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген;
      4) аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиялары кадр резервiне алуға ұсыным берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтарға көрсетiледі.
      Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және мекенжайлары Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыстар, Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) көрсетеді.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереженің 26-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
      7. Кадрлар резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді жазбаны (бұдан әрі – үзінді жазба) беру не алудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет Агенттіктің немесе аумақтық бөлімшенің ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру бөлек кіретін есігі бар рұқсаттама бюросы беретін бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады.
      Ғимаратта тәулік бойлы күзет бекеті, өртке қарсы дабылқаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
      9. Мемлекеттік қызмет Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің және аумақтық бөлімшенің жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Агенттіктің www.kyzmet.kz интернет-ресурсында, www.kyzmet.kz интернет-ресурсында сілтемелер жасалған аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1 кезең – Агенттік немесе аумақтық бөлімше қызметкерінің құжаттарды қабылдау туралы есепке алу журналына тіркеуі; мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, құжатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып берілген талон; пошта арқылы ұсынған кезде – есепке алу журналындағы өтінімді қабылдау туралы белгі қою.
      2 кезең – мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру; тестілеуді өткізу кестесіне енгізу (осы регламенттің 1-тармағы 2-2), 2-3), 2-4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік қызметті алушылар үшін);
      3 кезең – мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу оның ішінде осы регламенттің 1-тармағы 2-2), 2-3), 2-4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік қызметті алушыларды тестілеуді оң нәтижемен өткенде;
      4 кезең – кадр резервіне алу туралы бұйрықтан үзінді жазбаны беру не алудан бас тарту туралы дәйекті жауап беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет)
тәртібінің сипатталуы

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      15. Өтініш және сауалнама бланкілерін Агенттіктен, аумақтық бөлімшеден немесе www.kyzmet.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
      16. Мемлекеттік қызметті алушыға үзінді көшірме Стандартың 7-тармағында көрсетілген мерзімі ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы жіберіледі.
      17. Әр әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) орындалу мерзімі көрсетілген әр ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік сипаттамасы осы регламенттың 1-қосымшасында келтірілген.
      18. Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң
кадр резервiне қою» регламентіне
1-қосымша          

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

ҚФБ атауы

Рәсім

Мерзімдер

Құжат

1

Агенттік:
кеңсе

Құжаттарды қабылдау
Күні мен уақыты, құжатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып талон беру

30 минут


2

Агенттік:
орындаушы

Құжаттарды қарау
(«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» регламентінің 1-тармағы 2-2), 2-3), 2-4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды тестілеуге жолдау)

5 жұмыс күні

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» регламентінің 1-тармағы 2-2), 2-3), 2-4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тестілеу нәтижесін беру

3

Агенттік:
орындаушы

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою туралы бұйрық жобасын дайындау, қол қою

2 жұмыс күні


4

Агенттік:
орындаушы

кадр резервіне алу туралы бұйрықтан үзінді жазбаны беру не алудан бас тарту туралы дәйекті жауап беру

күтуге жол берілетін барынша көп уақыт 30 минут

Бұйрықтан үзінді жазба

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң
кадр резервiне қою» регламентіне
2-қосымша           

          Оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет процесі

Об утверждении регламента государственной услуги "Зачисление в кадровый резерв административной государственной службы"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 27 декабря 2012 года № 02-01-02/180. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2012 года № 8251. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 29 марта 2014 года № 04-2-4/56

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 29.03.2014 № 04-2-4/56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент оказания государственной услуги «Зачисление в кадровый резерв административной государственной службы».
      2. Отделу прохождения государственной службы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (Утешев М.И.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заведующего Отделом прохождения государственной службы Утешева М.И.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               А. Байменов

Утвержден            
приказом Председателя     
Агентства Республики Казахстан 
по делам государственной службы 
от 27 декабря 2012 года № 02-01-02/180

Регламент государственной услуги
«Зачисление в кадровый резерв административной
государственной службы»

1. Общие положения

      1. Настоящий регламент государственной услуги «Зачисление в кадровый резерв административной государственной службы» разработан в соответствии со стандартом государственной услуги «Зачисление в кадровый резерв административной государственной службы» (далее – Стандарт), утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2012 года № 1687 «Об утверждении стандартов государственных услуг Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы».
      2. В настоящем регламенте используются следующие понятия:
      1) государственная услуга – государственная услуга по зачислению в кадровый резерв административной государственной службы, оказываемая Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы;
      2) получатель государственной услуги – физическое лицо:
      принявшим участие в конкурсном отборе и рекомендованным конкурсной комиссией для зачисления в кадровый резерв (но не более одного кандидата для каждой вакантной должности);
      прошедшим обучение по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа;
      окончившим зарубежные высшие учебные заведения по приоритетным специальностям, утверждаемым Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом;
      направленным государственными органами на работу в международные организации или другие государства в целях повышения профессионального уровня;
      являющимся административными государственными служащими, прошедшими аттестацию и рекомендованными аттестационными комиссиями для зачисления в кадровый резерв;
      3) кадровый резерв государственной службы – это граждане Республики Казахстан (далее – граждане), данные о которых включены в систематизированный список, сформированный в порядке, определенном Положением о кадровом резерве для занятия должностей административных государственных служащих.
      3. Государственная услуга оказывается физическим лицам (далее – получатель государственной услуги):
      1) принявшим участие в конкурсном отборе и рекомендованным конкурсной комиссией для зачисления в кадровый резерв;
      2) завершившим обучение по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа и закончивших зарубежные высшие учебные заведения по приоритетным специальностям;
      3) направленным государственными органами на работу в международные организации или другие государства в целях повышения профессионального уровня;
      4) являющимся административными государственными служащими, прошедшими аттестацию и рекомендованными аттестационными комиссиями для зачисления в кадровый резерв.
      Государственная услуга оказывается бесплатно.
      4. Наименование органа, оказывающего государственную услугу –Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы (далее – Агентство) и территориальные подразделения Агентства (далее – территориальное подразделение), адреса которых указаны в приложении 1 к Стандарту.
      5.Форма оказываемой государственной услуги: неавтоматизированная.
      6. Государственная услуга оказывается на основании пункта 26 Положения о кадровом резерве государственной службы (далее – кадровый резерв), утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2003 года № 1243.
      7. Результатом оказываемой государственной услуги являются выдача выписки из приказа о зачислении в кадровый резерв (далее – выписка) либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги.

2. Требования к порядку оказания государственной услуги

      8. Государственная услуга осуществляется в здании Агентства или территориального подразделения. Режим помещения: вход в здание осуществляется по разовому пропуску, выдаваемому в бюро пропусков, который имеет отдельный вход. Разовый пропуск оформляется по телефонной заявке сотрудника канцелярии Агентства или территориального подразделения.
      Здание имеет круглосуточный пост охраны, противопожарные сигнализации и другие меры безопасности.
      9.Государственная услуга оказывается ежедневно в соответствии с графиком работы Агентства и территориального подразделения, указанным в приложении 1 к Стандарту.
      10. Информация о государственной услуге размещается на интернет-ресурсе Агентства: www.kyzmet.kz, интернет-ресурсах территориальных подразделений, ссылки на которые размещены на интернет-ресурсе: www.kyzmet.kz.
      11. Сроки оказания государственной услуги определены пунктом 7 Стандарта.
      12. Основания для отказа в предоставлении государственной услуги указаны в пункте 16 Стандарта.
      13. Этапы оказания государственной услуги:
      1 этап – регистрация в журнале учета сотрудником Агентства или территориального подразделения о приеме документов; талон, выдаваемый получателю государственной услуги, с указанием даты и времени, фамилии и инициалов лица, принявшего документы; при представлении по почте – отметка о принятии заявки в журнале учета;
      2 этап – проверка наличия необходимых документов для получения государственной услуги; внесение в график проведения тестирования (для получателей государственной услуги, указанных в подпунктах 2-2), 2-3), 2-4) пункта 1 настоящего регламента);
      3 этап – зачисление в кадровый резерв административной государственной службы в том числе получателей государственной услуги, указанных в подпунктах 2-2), 2-3), 2-4) пункта 1 настоящего регламента при положительном прохождении тестирования;
      4 этап – выдача выписки из приказа о зачислении в кадровый резерв либо мотивированный ответ об отказе в зачислении в число обучающихся.

3. Описание порядка действий (взаимодействий) в процессе
оказания государственной услуги

      14. Для получения государственной услуги получатель государственной услуги представляет документы, указанные в пункте 11 Стандарта.
      15. Бланки заявления и анкеты можно получить в Агентстве, территориальном подразделении или на интернет-ресурсе www.kyzmet.kz.
      16. Выписка выдается получателю государственной услуги нарочно либо направляется по почте в срок, установленный в пункта 7 Стандарта.
      17. Описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия (процедуры) приведено в  приложении 1 к настоящему регламенту.
      18. Диаграмма функционального взаимодействия приведена в приложении 2 настоящего регламента.

Приложение 1               
к регламенту «Зачисление в кадровый резерв
административной государственной службы»

                  Таблица 1. Описание действий СФЕ

Название СФЕ

Процедура

Сроки

Документ

1

Агентство:
канцелярия

Прием документов Регистрация в журнале учета
Выдача талона с указанием даты и времени, фамилии и инициалов лица, принявшего документы

30 минут


2

Агентство:
исполнитель

Рассмотрение документов (направление на тестирование лиц, указанных в подпунктах 2-2), 2-3), 2-4) пункта 1 регламента «Зачисление в кадровый резерв административной государственной службы»)

5 рабочих дня

лицам, указанным в подпунктах 2-2), 2-3), 2-4) пункта 1 регламента «Зачисление в кадровый резерв административной государственной службы» выдача результата тестирования

3

Агентство:
исполнитель

Подготовка проекта приказа о зачислении в кадровый резерв административной государственной службы, подписание

2 рабочих дня


4

Агентство:
исполнитель

выдача выписки из приказа о зачислении в кадровый резерв, либо мотивированный ответ об отказе в зачислении

Максимальное время ожидания 30 минут

Выписка из приказа

Приложение 2             
к регламенту «Зачисление в кадровый резерв
административной государственной службы»

            Процесс государственной услуги по приему на обучение