Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 336 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 қаңтарда № 8255 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банктер туралы заңның 35-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай критерийлерге сәйкес келетін:

      1) кредиттің мөлшері банктің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) (бұдан әрі – № 358 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталының өлшемінен 0,02 пайызынан асатын;

      2) тұрақсыздық айыбын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қамтамасыз ету жиынтығында қарыз алушының осы кредит бойынша міндеттемелерінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын не жоқ кредиттің қамтамасыз етілмеген кредит (бланкілік кредит) болып танылатыны белгіленсін.

      Осы критерийлер жаңадан берілетін қамтамасыз етілмеген кредиттерге (бланкілік кредиттерге) қолданылады.

      2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын бас банктің еншілес ұйымға берген кредит қамтамасыз етілмеген кредит (бланкілік кредит) болып танылмайды.

      3. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлері № 358 қаулыға және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) қолданылмайды.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


Об установлении критериев кредита без обеспечения (бланкового кредита)

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2012 года № 336. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 января 2012 года № 8255. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2017 года № 22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках) Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить, что для целей пункта 3 статьи 35 Закона о банках кредитом без обеспечения (бланковым кредитом) признается кредит, одновременно соответствующий следующим критериям:

      1) размер кредита превышает 0,02 процента от величины собственного капитала банка, рассчитанного в соответствии с требованиями постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3924) (далее – постановление № 358);

      2) обеспечение, предусмотренное законодательством Республики Казахстан, за исключением неустойки, в совокупности покрывает менее 50 (пятьдесят) процентов обязательств заемщика по выданному кредиту либо отсутствует.

      Данные критерии распространяются на вновь выдаваемые кредиты без обеспечения (бланковые кредиты).

      2. Кредитом без обеспечения (бланковым кредитом) не признается кредит, соответствующий критериям, установленным пунктом 1 настоящего постановления, выданный родительским банком дочерней организации, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка.

      3. Критерии кредита без обеспечения (бланкового кредита), установленные пунктом 1 настоящего постановления, не распространяются на постановление № 358 и постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 декабря 2006 года № 296 "Об утверждении Правил классификации активов, условных обязательств и создания провизий (резервов) против них" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4580).

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г.Марченко