Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 111-1076 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 741 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 104-1334 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің м.а. 08.08.2013 № 104-1334 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы 5-бабының 4-тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Дін істері агенттігінің
      Астана қаласы Дін істері
      департаментінің директоры                  Ж. Дәуренов

      Астана қаласы Дін істері
      департаментінің бас маманы                 А. Мұқажанов

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 111-1076 қаулысына 
қосымша        

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

р/с № Кітап дүкендерінің атауы Дүкендердің мекен-жайы
Алматы ауданы

1.

«Күлтегін» дүкені

Абылай хан даңғылы, № 6/1 үй

2.

«КиК» дүкені

Абылай хан даңғылы, № 29/1 үй

3.

ЖК «И.М.Вороненко»

Абай даңғылы, № 89 үй

Сарыарқа ауданы

4.

«Абай» дүкені

Ә. Бөкейхан көшесі, № 30 үй

5.

«Кәусар» дүкені

Бейбітшілік көшесі, № 69 үй

6.

«Алматы» дүкені

Абай даңғылы, № 39 үй

7.

«Книжный Эльдорадо» дүкені

Бейбітшілік көшесі, № 31 үй

Есіл ауданы

8.

«Эльдорадо» дүкені

Д. Қонаев көшесі, № 35/1 үй

Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения

Постановление акимата города Астаны от 31 июля 2012 года № 111-1076. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 13 августа 2012 года № 741. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 8 августа 2013 года № 104-1334

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 08.08.2013 № 104-1334.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 11 октября 2011 года «О религиозной деятельности и религиозных объединениях» акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить расположение специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения согласно приложению.
      2. Начальнику Государственного учреждения «Управление предпринимательства и промышленности города Астаны» обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в средствах массовой информации и размещение на интернет-ресурсе акимата города Астаны.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Кожагапанова Е.Т.

      Аким                                       И. Тасмагамбетов

      СОГЛАСОВАНО:
      Директор Департамента по
      делам религий города Астана
      Агентства Республики Казахстан
      по делам религий                           Ж. Дауренов

Приложение № 1       
к постановлению акимата   
города Астаны       
от 31 июля 2012 года № 111-1076

Расположение специальных стационарных помещений для
распространения религиозной литературы и иных информационных
материалов религиозного содержания, предметов религиозного
назначения


п/п

Наименование книжных магазинов

Адреса магазинов


район «Алматы»

1.

Магазин «Культегин»

проспект Абылай хана, дом № 6/1

2.

Магазин «Кик»

проспект Абылай хана, дом № 29/1

3

ИП «Вороненко И.М.»

проспект Абая, дом № 89


район «Сарыарка»

4.

Магазин «Абай»

улица Ә. Бөкейхана, дом № 30

5.

Магазин «Кәусар»

улица Бейбітшілік, дом № 69

6.

Магазин «Алматы»

проспект Абая, дом № 39

7.

Магазин «Книжный Эльдорадо»

улица Бейбітшілік, дом № 31


район «Есиль»

8.

Магазин «Эльдорадо»

улица Д. Қонаева, дом № 35/1