Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 83/10-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 756 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «Ереже», «ережесінің» деген сөздер «Қағидасы», «Қағида», «қағидасының» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтарда № 11 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 27-29 қаңтарда № 10, 11 газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасының (бұдан әрі - Қағида) қосымшасында:
      Амбулаторлық емделу кезінде Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі келесі мазмұндағы 201, 202, 203 реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:

«

201.

Тамсулозин гидрохлориді

таблеткалар 400 мг

202.

Финастерид

таблеткалар 5 мг

203.

Өт, сарымсақ, қалақай жапырақтары, белсендірілген көмір

қабыршықпен қапталған таблеткалар

                                                                   ».

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Астана қаласы
      Денсаулық сақтау басқармасы» (ДБ)
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А. Сегізбаева
      2012 жылғы 21 қараша

О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"

Решение маслихата города Астаны от 21 ноября 2012 года № 83/10-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 12 декабря 2012 года № 756. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 27 июня 2014 года № 250/36-V

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 27.06.2014 № 250/36-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», подпунктом 3) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О статусе столицы Республики Казахстан», маслихат города Астаны РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV «О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 24 января 2011 года за № 666, опубликовано в газетах «Вечерняя Астана» № 11 от 27 января 2011 года, «Астана ақшамы» № 10,11 от 27-29 января 2011 года) следующее дополнения:
      в приложении к Правилам оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны (далее – Правила), утвержденных указанным решением:
      Перечень лекарственных средств для бесплатного обеспечения отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны при амбулаторном лечении дополнить строками, порядковые номера 201, 202, 203, следующего содержания:
      «

201.

Тамсулозина гидрохлорид

таблетки 400 мг

202.

Финастерид

таблетки 5 мг

203.

Желчь, чеснок, листья крапивы, активированный уголь

таблетки покрытые оболочкой

                                                                   ».
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Астаны                    Н. Мещеряков

      Секретарь маслихата
      города Астаны                              С. Есилов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник Государственного
      учреждения «Управление
      здравоохранения города Астаны» (УЗ)        А. Сегизбаева