Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.08.2013 № А-7/348 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалға алу) қағидасын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № А-10/472 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3416 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қаңтардағы «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Ақмола облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалға алу) қағидасында:
17-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«17. Тұрғын үй емес мемлекеттік қордың жалдау ақысын есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
№ р/с |
Коэффициенттердің түрлері |
Коэффициенттің мөлшері |
1 |
Құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент (Кт): |
|
1. кеңселік, әкімшілік, қоғамдық |
1 |
|
2. ауыл шаруашылық қажеттіліктерінем арналған, өндірістік |
0,8 |
|
3. қоймалық, гараждық, қазандық |
0,7 |
|
2 |
Тұрғын емес жайдың түрін есепке алатын коэффициент (Кк) |
|
2.1. ғимарат немесе ғимараттағы үй жай |
1,2 |
|
2.2. жалғастыра салынған бөлігі |
0,9 |
|
2.3. цоколдық (жартылай жертөле) бөлігі |
0,7 |
|
2.4. жертөле бөлігі, төбесі |
0,6 |
|
3 |
Жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент (Кжд) |
|
3.1. барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр қуаты, канализация) қандай да коммуникация түрі болмаған жағдайда әр түрге 0,1 азаяды |
2,0 |
|
4 |
Аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр) |
|
4.1 Көкшетау қаласы |
1,3 |
|
4.2 қала, кент (аудан орталығының) |
0,9 |
|
4.3 ауыл (село), кент |
0,5 |
|
4.4 Астана қаласы (Ақмола облысының коммуналдық меншігіне кіретін мүліктік жалға беру (жалға алу) объектілеріне) |
5 |
|
4.5 Солтүстік Қазақстан облысы (Ақмола облысының коммуналдық меншігіне кіретін мүліктік жалға беру (жалға алу) объектілеріне) |
1 |
|
4.6 Станционный кенті, Көкшетау қаласының Краснояр ауылдық округі |
1 |
|
5 |
Жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент (Кқт) |
|
5.1 брокерлік қызмет және кедендік қызмет көрсету, банктердің, ломбардтардың, қызметтері құнды қағаздардың қызметімен байланысты болатын айырбастау пункттерінің және ұйымдардың, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды конторалар, адвокаттық контора, зергерлік шеберхана қызметтері үшін |
3,0 |
|
5.2 қоғамдық тамақтануды, қонақ үй қызметін, сауда немесе сауда-делдалдық қызметті ұйымдастыруға арналған |
1,5 |
|
5.3 облыста қызметтерді ұйымдастыруға арналған: 1) орта білім; 2) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту; 3) жоғары, техникалық және кәсіптік білім; |
0,9 0,8 1,1 |
|
5.4 денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт саласында қызметтерді ұйымдастыруға арналған |
1,0 |
|
5.5 техникалық және кәсіптік оқу бағдарламасы бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқушылардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыруға арналған |
0,5 |
|
5.6 мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан ғимараттарда, кіруін шектетумен осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) қызметшілердің тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыруға арналған |
0,9 |
|
5.7 жарғылық қызметті іске асыратын ғимараттарда, осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) мемлекеттік заңды тұлғалардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыруға арналған |
1,2 |
|
5.8 жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз етуді және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдастыруға арналған |
0,5 |
|
5.9 пошталық қызмет саласында қызметтерді ұсынуға арналған |
1,0 |
|
5.10 басқаларға арналған |
1,5 |
|
6 |
Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн): |
|
6.1 қайырымдылыққа арналған және коммерциялық емес ұйымдарға арналған (үкіметтік емес ұйымдардан басқа) |
0,5 |
|
6.2 үкіметтік емес ұйымдарға арналған |
0,2 |
|
6.3 басқаларға арналған |
1,0 |
»;
58-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«58. Шартқа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей объектіні баланс ұстаушы жалға беруші бекіткен қабылдау-беру актісі бойынша жалдаушығы береді. Қабылдау-беру актісінде мыналар:
1) акт жасалған орын мен күн;
2 ) өкілдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілетті құжаттардың атауы мен деректемелері;
3) объектіні беру жүргізілетін мүліктік жалға беру (жалға алу) шарттың нөмірі мен қол қойылған күні;
4) берілетін объектінің анықталған тізбесімен бірге техникалық жай-күйі;
5) тараптардың мөрлері және қолдары көрсетіледі.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров