Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 11.06.2013 № 1.5-13/8492 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 2 желтоқсандағы «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4С-39-2 шешімі негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген) облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарына облыстық бюджеттен аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде қосымша шаралар белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.08.14 № А-9/401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
2. Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ.Қожамжаров