Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 11.06.2013 № 1.5-13/8492 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге 2012 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы № А-2/59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3422 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2012 жылғы 22 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарына облыстық бюджеттен аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде қосымша шаралар белгіленсін.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ.Қожамжаров