Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.08.2013 № А-7/348 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалға алу) қағидасын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № А-10/472 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3416 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2012 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Ақмола облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалға алу) қағидасында:
5-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«2) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің баланс ұстаушыларына қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан өнім берушілерге үй-жайлар, жабдықтар беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізінде жүргізіледі.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ.Қожамжаров