Ақкөл аудандық маслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 "Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 сәуірдегі № С 4-3 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 мамырда № 1-3-182 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № С 44-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.02.2015 № С 44-4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 «Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-3-163 тіркелген, 2011 жылғы 4 қарашада аудандық «Ақкөл өмірі», «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріне:
      6 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3) тұрғылықты тұру орны бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен жай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімінің анықтамасы);»;
      8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «8. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үйді тағайындалғаны немесе бас тартқандығы туралы шешім қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      Тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны (тағайындаудан бас тартқандығы) туралы хабарламаларды тұтынушының жеке өзі атқарушы органға келгенде немесе пошталық хабарлама арқылы беріліп, жүзеге асырылады.»;
      10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «10. Өтініш беруші толымсыз, сенімсіз мәліметтерді ұсынған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, ал заңсыз түрде алынған қаражаттар бюджетке өтелуге жатады. Өзгерістер болған жағдайда (отбасы құрамы,үй меншігі түрінде) өтініш беруші өзгерістер болған күннен бастап өкілетті органды күнтізбелік он күннің ішінде ақпараттандыруы тиіс.
      Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының шығыстары шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.»;
      14 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «14. Тұрғын үй көмегін алуға үміттенетін отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген, тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасының негізінде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсаны үшін тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге уәкілетті органмен есептелінеді.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Тимошин

      Ақкөл аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ж.Салыбекова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.С.Үйсімбаев

О внесении изменений и дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 26 сентября 2011 года № С 43-3 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе"

Решение Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 23 апреля 2012 года № С 4-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Аккольского района Акмолинской области 23 мая 2012 года № 1-3-182. Утратило силу решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 25 февраля 2015 года № С 44-4

      Сноска. Утратило силу решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2015 № С 44-4 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, статьей 97 Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года, Аккольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Аккольского районного маслихата от 26 сентября 2011 года № С 43–3 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-3-163 и опубликованного 4 ноября 2011 года в районных газетах «Ақкөл өмірі» и «Знамя Родины KZ») следующие изменения и дополнения:
      в Правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе:
      подпункт 3) пункта 6 изложить в следующей редакции:
      «3) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      «8. По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган в течение десяти календарных дней с момента сдачи документов  выносит решение о назначении или отказе в жилищной помощи, о чем письменно извещает заявителя.
      Выдача уведомления о назначении или отказе в назначении  жилищной помощи осуществляется при обращении в уполномоченный орган посредством личного посещения потребителем уполномоченного органа, либо посредством почтового сообщения.
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Жилищная помощь не назначается в случае предоставления заявителем неполных, недостоверных сведений, а незаконно полученные средства подлежат возмещению в бюджет. В случае возникновения изменений (формы собственности жилья, состава семьи) заявитель информирует уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня возникновения изменений.
      Уполномоченным органом в предоставлении государственной услуги отказывается в случае, если оплата на капитальный ремонт и (или) взносы на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенной к сети телекоммуникации, арендной платы за пользование жилищем не превышает предельно-допустимый уровень расходов семьи на эти цели.
      пункт 14 изложить в следующей редакции:
      «14. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующего на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании  правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина, претендующего на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденных  приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      Аккольского районного маслихата            А.Тимошин

      Секретарь Аккольского
      районного маслихата                        Д.Салыбекова

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Аккольского района                    А.С.Уисимбаев