Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 26.03.2013 № 01-359 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі қорытындысы негізінде Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Атбасар ауданы бойынша 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданы әкімі Е.Сағдиев
02.05.2012 жылғы № а-5/244
қаулысына қосымша
Атбасар ауданы бойынша 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер қабылдау мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/с |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Оңтайлы себу мерзімдері |
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер қабылдау мерзімі |
1 |
Дәнбұршақтылар |
мамырдың 11 нен 28 не дейін |
15 маусымға дейін |
2 |
Картоп |
мамырдың 11 нен 20 на дейін |
15 маусымға дейін |
3 |
Азықтықтар (шабындық және жайылымдық жерлерді шалғындандыру үшін себілген, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері) |
мамырдың 11 нен 30 на дейін |
15 маусымға дейін |
4 |
Сүрлемге жүгері |
мамырдың 20 нан 25 не дейін |
15 маусымға дейін |
5 |
Майлылар |
мамырдың 11 нен 27 не дейін |
15 маусымға дейін |
6 |
Сұлы |
мамырдың 27 нен маусымның 5 не дейін |
15 маусымға дейін |
7 |
Бау және бақшалықтар |
маусымның 5 нен 15 не дейін |
15 маусымға дейін |
8 |
Жаздық бидай |
мамырдын 12 нен маусымның 2 не дейін |
15 маусымға дейін |
9 |
Арпа |
мамырдың 27 нен маусымның 5 не дейін |
15 маусымға дейін |