2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 94 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде № 1-6-169 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.К.Қожахмет жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Астрахан
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріккен бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.Кантемиров

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Постановление акимата Астраханского района Акмолинской области от 6 апреля 2012 года № 94. Зарегистрировано Управлением юстиции Астраханского района Акмолинской области 13 апреля 2012 года № 1-6-169

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», Указом Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», акимат Астраханского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить призыв на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кожахмет М.К.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Астраханского района                  Р.Акимов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Начальник
      Государственного учреждения
      «Объединенный отдел по делам
      обороны Астраханского района
      Акмолинской области»                       С.Кантемиров