Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.02.2016 № 33 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес халықтың, нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Астрахан ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
3. Астрахан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 176 «Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-130 тіркелген, № 33 «Маяк» газетінде 2010 жылғы 30 шілдеде жарияланған»)қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданы
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі бастығының міндетін
атқарушы Ж.Мұхамеджанова
Астрахан аудандық
қылмыстық-атқару
инспекция бөлімі
бастығының міндетін
атқарушысы әділет
аға лейтенанты Д.Ғабдуллина