Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-14-7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Астрахан ауданында тұратын табысы аз отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4-3 Астрахан аудандық мәслихатының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1-6-174 болып тiркелген, 2012 жылғы 1 маусымда «Маяк» аудандық газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің:
1 тараудың 1 тармағың келесі азат жолымен мазмұндалсын:
«жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясын шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.»;
2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалданған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйде (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйде (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5, электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орналатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді.»;
10 тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:
«7) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясын шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге берілетін түбіртек-шоты.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық
мәслихатының сессия
төрайымы В.Быстрицкая
Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы В.Собеский
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов